Тағайындау
Өмірқұлов Жасұлан Бейшенқұлұлы аудан әкімінің 2023 жылғы 3 тамыздағы №219-ө/жқ өкімімен аудан әкімдігі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы болып тағайындалды.
Өмірқұлов Жасұлан Бейшенқұлұлы1992 жылы 4 қарашада Жамбыл облысы, Т.Рысқұлов ауданында дүниеге келген. Ұлты – қазақ. Білімі – жоғары.
2014 жылы Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығы бойынша бітірген.
2016 жылы Халықаралық Тараз инновациялық институтын «Құқық» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2014 жылы аудандық ішкі істер бөлімінде келісімшарт негізінде бағдарламашы маман болып бастаған.
2015 жылдың қаңтар-мамыр айларында аудандық ішкі істер бөлімінде келісімшарт негізінде құжат рәсімдеуші маман, 2015-2016 жылдары аудандық ішкі істер бөлімі әкімшілік полиция бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторлары тобының учаскелік полиция инспекторы болып қызмет істеген.
2016-2017 жылдары аудандық ішкі істер бөлімінде келісімшарт негізінде құжат рәсімдеуші маман, 2018 жылдың ақпан-наурыз айларында аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінде «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы бойынша еңбек етті.
2018 жылдың наурыз-сәуір айларында арнайы тексеруден өткенге дейін Ақбұлақ ауылдық округі әкімінің аппаратында бас маман, 2018-2020 жылдары аудан әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы болды.
2020 жылдан осы күнге дейін аудан әкімдігі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің сектор меңгерушісі лауазымын атқарып келді.
Отбасылы, 4 баласы бар.