23 маусым – Қазақстан полициясы күні
43 ViewsАудандық полиция бөлімінің кәмелетке толмағандар істері жөніндегі полиция инспекторы, полиция капитаны Гүлжан Ниязқұлова біздің газетке мақалалар жазып тұрады. Әрдайым еселі еңбек етіп, халыққа қалтқысыз…
Биология пәнінен емтихан тапсыра алмай есі шығып отырған студентке оның сынақ кітапшасын лақтыра салған профессор:
– Бар! Екі! – депті.
– Ағай, тағы бір сұрақ қойыңызшы…
Профессор сәл ойланып:
– Жарайды, онда айта қойшы: сиырға аборт жасауға бола ма, болмай ма? – дейді.
Студент омалып отырып қалады да:
– Әжетханаға барып келуге бола ма? – дейді далбасалап.
– Болады.
Студент дәрісханадан атып шығып, топырлап тұрған курстастарынан әлгі сұрақтың жауабын сұрапты. Ешкім білмейді. Әбден сасқан жігіт жүгіріп көшеге шығып, алғаш кезіккен шалдан:
– Ата, құтқара көріңізші, қатты қиналып тұрмын: сиырға аборт жасауға бола ма? – деп сұрапты.
Сонда мұның бас-аяғына жақтырмай бір көз жүгіртіп алған шал:
– Адам емес, айуан! Саған не, қыздар жетпеді ме? – депті.