Ұялғаным-ай!..

189 Views

– Чипсы деген не?
– Ол – бір түйір картопты бір келі картоптың құнына өткізе білу ғой…
* * *
– Даяшы, сіз неге маған кілең суып қалған тамақтарды әкелгенсіз?
– Кешіріңіз, мырза, сіздің тапсырыс берген тағамдарыңыз – винегрет, холодец, сосын балмұздақ қой: бұлардың қайсысын жылытып әкелгенім дұрыс?
* * *
Түннің бір уағында полиция бөлімшесінің телефоны безілдеп қоя береді.
– Алло, тыңдап тұрмыз!
– Құтқарыңдар! Құтқара көріңдер!
– Не боп қалды?
– Үйіме мысық кіріп келе жатыр! Тездетіңдер!
– Азамат, соған бола шу шығарғаныңыз не? Біз…
– Ойбай-ау, болсаңдаршы! Көзі шырадай жанып, пәлекет маған жақын- дап келе жатыр ғой!

– Сіз кімді мазақ қып тұрсыз? Үйге
мысық кірсе де бізге хабарласасыз ба?
Кімсіз өзіңіз?
– Кім болушы еді, тотықұспын мен! Тотықұс!
* * *
Біреу өзенге ау салып отырып…ішінде жыны бар құмыра ұстап алыпты!
Енді… жын атаулының бәрі үш тілек орындаушы еді ғой депті де, әлгі байғұс:
– Мен үш емес, бір-ақ тілек айтайын: Алматыдан үй алып берші! – деп қиылыпты.
Сонда жын шошып кетіп:
– Денің сау ма? Алматыдан үй әпере алатын болсам, өзім құмырада тұрар ма едім?! – депті
* * *
– Кеше ғана «Көк тиын ақшам жоқ», – деп отыр ең, мына 100 долларды қай- дан алдың?
– Сенесің бе, түнде үйіме ұры түсіп, іліп аларлық ештеңе таппапты да, үстел үстіне 100 доллар қалдырып, жанына «Бауырым, бұлай өмір сүруге болмай- ды!» – деп жазып кетіпті. Ұялғаным-ай!

 

Поделиться ссылкой: