Кемелді келешекке – КЕМЕҢГЕР ЕЛБАСЫМЕН

997 Views

Кемелді келешеккеКЕМЕҢГЕР ЕЛБАСЫМЕН

Жақында Құлан шағын орталықты мектеп-гимназиясында аудандық «Кемелді келешекке -кемеңгер Елбасымен» тақырыбында форум өтті.

Аудан әкімдігінің білім бөліміне қарасты «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер қоғамдық бірлестігі Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасы, «Балалар мен жасөспірімдер қозғалысын және қоғамдық ұйымдарды дамытудың ұлттық жобасы» аясында өткен форумға аудан әкімдігінің білім бөлімі және жастар ресурстық орталығының мамандарымен қатар, “Нұр Отан” партиясы аудандық филиалы жанындағы «Жас Отан» Жастар Қанатының бөлімше басшысы Ерболат Жәдік, сондай-ақ, 220 жасұландықтар мен мектеп тәлімгерлері қатысты.

Мемлекеттік Ту тапсыру рәсімімен басталған жиында М.Әуезов атындағы ресурстық орталықты орта мектептің жасұландықтары сәлемдесу флешмобын көрсетті. Сондай-ақ, «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына 7-16 жас аралығындағы ауданымыздың үздік 20 оқушысы қабылданып, оларға төсбелгі мен галстук тағу рәсімі өтті. Салтанатты сәтте өздерінің ізгі ниетін білдіру үшін ашық мінбе жарияланды.

Форум барысында ұйымның қоғамдық жұмыстарына атсалысып, белсенділік танытқан дарынды, көшбасшы оқушыларымызды және ұйымның жұмысын жандандырып, өскелең жас ұрпақты тәрбиелеуге ерекше үлес қосқан мектеп тәлімгерлері марапатталды. Форумның соңы жасұландықтардың концертіне ұласты.

Заманауи Қазақстанның ұлтжанды, рухы биік, білімді, жаңашыл жасұландықтары алдағы уақытта Ұлт Көшбасшысы мен ел сенімін ақтайтынына кәміл сенімдіміз!

Э.ТІЛЕУБАЕВА,

аудандық «Жас Ұлан» балалар

қоғамдық ұйымының үйлестірушісі.

Поделиться ссылкой: