Сыбайластыққа қарсы семинар өтті

755 Views

Сыбайластыққа қарсы семинар өтті

Жуырда «Сұлутөр» кинотеатрында «Сыбайлас жемқорлық қылмыстары мен құқық бұзушылықтары көріністерінің алдын алу» тақырыбында семинар-кеңес өткен болатын. Жемқорлықтың неге апаратынын көрсетіп, халықты жемқорлық қылмыстары мен құқық бұзушылықтардан сақтандыру, алдын алу мақсатында өткен жиында «Құлан Нұры» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Б.Мырзалиева өз баяндамасын оқи келе, «біздің бірлестіктің құрылғанына 5 жыл болды, осы жылдар ішінде біз құқық бұзушылық пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес шараларын өткізіп келеміз» деп қорытындылады сөзін. Тараз қаласындағы «SK group» үкіметтік емес ұйымдар қауымдастығы төрағасының кеңесшісі Ернұр Мадияров «Жемқорлықтың нәтижелері» атты бейнефильмді көпшілік назарына ұсынып, жемқорлықтан келетін қауіп жайлы деректер келтірді. Оның айтуынша, Кеңес кезінде де жемқорлық мәселесі туындаған. Ал Қазақстанда 1997 жылы басталған екен. 1999 жылы заңды түрде сыбайлас жемқорлыққа күрес басталып, оған арнайы заң қабылданған. Жемқорлыққа апаратын басты себептердің бірі – айлық жалақының аздығы, яғни жемқорлық қылмысына баратындардың көпшілігі қаражаттың тапшылығынан қылмыс жасайды. Ал Елбасының соңғы Жолдауында жалақыны көтеру туралы айтылды. Бұның өзі – жемқорлықты жоюға жасалған бір қадам. Ал жымқырған қаражатын мемлекетке қайтарып, айыппұл төлеу – жемқорлыққа қарсы күрестің тағы бір амалы. Ал жемқорлық жайында анонимді түрде хабарлама бергендерге сыйақы тағайындалатындығы да халықты құқық бұзушылыққа қарсы тұруға жұмылдыратын жайт» -деді. Жиын соңында «Құлан Нұры» қоғамдық бірлестігінің төрайымы өздерінің «Жемқорлыққа жол жоқ» тақырыбы аясында ұйымдастырған сурет байқауының нәтижесін жариялап, Ернұр Берікұлы жеңімпаздарды марапаттады.

Салтанат ҚАРАСАЕВА.

Поделиться ссылкой: