Ұлттық мұраны жаңғыртудағы ЖИ мүмкіндіктері
39 ViewsБүгінгі цифрлық дәуірде ұлттық құндылықтарды ұлықтаумен ғана шектелуге болмайды. Оларды жаңа ұрпақтың танымына жақындатып, заман талабына сай жаңғырта білу – уақыт жүктеген маңызды міндеттердің…
6 жастағы Айару Каипова Тараз қаласында Қожамжаров Пернеш Сәдуақасұлын еске алуға арналған шахматтан өткен дәстүрлі VІІІ облыстық ашық турнирде жүлделі екінші орынға ие болды. Шахматтың рапид деп аталатын, яғни жылдам түрінен Айару Каипова бұл турнирде өзін жақсы қырынан көрсетті. Ол 8 жасқа дейінгі балалар арасында бақ сынады. Нәтижесін жаздық. Бұған дейін де Айару Каипованың Азия чемпионатында топ жарғанын жариялаған болатынбыз. Айарудың алар асуы әлі алда. Оған тек биіктен көріне берсін деген тілек білдіреміз.
М.Аятберген.