Ел болашағы – әрқайсымыздың қолымызда
36 ViewsКеше ел азаматтары Атом электр станциясын салуға қатысты жалпыхалықтық референдумға қатысып, өз таңдауларын жасауда. Жалпы бұл еліміз тәуелсіздік алғалы өтіп жатқан төртінші референдум. Өзім…
Өздеріңізге белгілі, Елбасы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты халыққа Жолдауын жариялады. Жолдау біздің «Алтын сақа» бөбекжай-бақшасында қызу талқыланды. Біз, бұл Жолдауды қуана қабылдадық. Өйткені, Елбасы өз Жолдауында мектепке дейінгі білім беру сапасын түбегейлі өзгертуге баса мән берді. Себебі, ойлау негіздері, ақыл-ой мен шығармашылық қабілеттер, жаңа дағдылар сонау бала кезден қалыптасады.
Білім беру ісінде 4К моделіне: Креативтілікті, сыни ойлауды, коммуникативтілікті дамытуға және командада жұмыс істей білуге басты назар аударуда.
Бұл салада біліктілік талаптарын, оқыту әдісін, тәрбиешілердің еңбегіне ақы төлеу жүйесін қайта қарау қажеттілігі айтылған. Жолдауда 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап, ең төменгі еңбекақы мөлшері 1,5 есеге өсетіндігі айтылған, яғни 28 мың теңгеден 42 мың теңгеге дейін. Біздің бөбекжай-бақшасындағы кіші қызметкерлердің айлығы 30 мың теңге. Егер ол 42 мың теңгеге өсетін болса, бұл қызметкерлерге үлкен көмек болар еді.
Жолдауда балалар қауіпсіздігінің маңыздылығы ескеріліп, балабақшаларды бейнебақылау жүйесімен қамтамасыз етуді, мектеп, балабақша психологтарының жұмысын күшейтуді тапсырған. Өз кезегінде Нұрсұлтан Әбішұлы жастарды да назардан тыс қалдырмады. Үстіміздегі жылды «Жастар жылы» деп жариялауды ұсынды. Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап жастар мәселесі мемлекеттің ең басты назарында болып келеді. Мұның дәлелі ретінде «Болашақ», «Жасыл Ел», «Жастар -Отанға», «Дипломмен ауылға», «Жастар тәжірибесі», «Жас мамандар қоры» сияқты көптеген мемлекеттік бағдарламаларды айтуға болады. Ел азаматтарының 5 млн-ға жуығы 14 пен 29-дың аралығындағы жастар. Президентіміздің жастар мәселесіне жіті мән бергендігі сондықтан болса керек. Себебі, қоғамның даму үдерісін ілгерлетудің жетекші күші жастар екендігі ақиқат.
Қазіргі кезде мемлекет үшін ұлттық-патриоттық тәрбиенің орны бөлек. Сондықтан жастармен жүргізілетін тәрбие жұмысын жолға салу керек. Әсіресе, жастардың ұлттық сана-сезімін оятып, Отансүйгіштік қасиеттерге тәрбиелеудің маңызы зор. Мен патриоттық тәрбие берудің ұлттық қағидасын айқындап, осы бағытта жұмыс жүргізетін үйлестіруші кеңес құрылса деген ұсыныс айтқым келеді.
Бізді қуантатын да жағдайлар бар. Соның бірі – «Өзің үшін ғана өмір сүру ұлттан ұят» дейтін жастардың көбейіп келе жатқаны.
Елбасының жастарға жасалған еңбегі мен қамқорлығының жылуын жастардың жақсы білетініне сенім білдіргім келеді.
Елбасы Жолдауына қолдау білдіріп, орындалуына бірге атсалысуға замандастарымды шақырамын. Еліміздің болашағы-әрқайсымыздың адал еңбегімізге тікелей қатысты дегім келеді.
Балнұр БАЙҚҰЛОВА,
«Алтын сақа» бөбекжай-
бақшасының тәрбиешісі.