Қарт ананы құттықтады
27 ViewsЖурналистика – жүрекке салмақ салатын мамандық. Неше түрлі кейіпкерлермен тілдесесің. Бірінде қуанасың, енді бірінде кейбір адамдарға қолдың қысқалығынан көмектесе алмай, «өзіңді-өзің жейтін» сәттер көп…
Төскейі төрт түлік малға, етегі егінге толы Тұрар Рысқұлов ауданының 85 жылдығына орай республикалық «Аманат» партиясы аудандық филиалының төрағасы Қанатбек Дәкенұлы Арыстанбеков партияның «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында аудандық ардагерлер үйінде өңірдің өсіп-өркендеуіне, экономикасының нығайып, көркеюіне сүбелі үлес қосқан бір топ ардагерлермен кездесу өткізді. Ата салтымыз бойынша ұрпағына өсиет айтар қариялардың иықтарына қазақы шапан жауып, құрмет көрсетті.
Ардагерлер үйінің кең мәжіліс залында өткізілген дөңгелек үстел басындағы кездесуде көпті көрген көнекөз қариялар ауданның жүріп өткен тарихи жолына тоқталып, 85 жыл ішінде атқарылған игі істер жөнінде келелі әңгіме қозғады. Қасиетті Құлан өңірінің тұңғиық шежіресі жайлы сыр шертісіп, республикадағы халыққа жақын, елдің мұң-мұқтажымен санасатын бірден-бір іргелі саяси ұйым – «Аманат» партиясының саяси бағдарламаларына жан-жақты қолдау білдірді.
Партияның аудандық филиалының ұйымдастыруымен ардагерлер арасында бильярдтан спорттық жарыс өткізілді. Тартысты болған бәсекеде жасы 80 нен асқан қадірменді қария Райзо Шәділбеков бірінші орынды жеңіп алса, еңбек ардагерлері Бейсенбай Таңбаев пен Омар Нұрмашев екінші және үшінші орындарды бөлісті. Жарыс жеңімпаздарына партия ұйымының арнайы дипломдары мен бағалы заттай сыйлықтары табыс етілді.
Кездесу соңында аудандық ардагерлер Кеңесінің төрағасы Қожайхан Бижанов пен Құлан ауылдық ардагерлер ұйымының жетекшісі Берік Әліпбаев келелі кездесу өткізіп, игілікті іс-шара жасаған «Аманат» партиясының аудандық филиалы мен оның төрағасына ризашылықтарын білдірді.
Т.Жаманбаев, ардагер журналист.