ТӨЛ ГАЗЕТ ТӨРІҢІЗДЕ ТҰРСЫН!

720 Views

ТӨЛ ГАЗЕТ ТӨРІҢІЗДЕ ТҰРСЫН!

Құрметті оқырман, қазір газетке жазылу науқаны жүріп жатыр. Жыл соңына дейін жалғасатын науқаннан қапы қалмай, аудан тарихымен тамырлас төл газеттеріңізге жазылуға асығыңыздар! Ақпарат алудың сан алуан жолы бар ақпараттық ғасырда өмір сүріп жатсақ та, сол ақпараттың шынайылығы, оны жеткізу тілі жөнінен газеттің алар орны ерекше. Алаш қайраткері Әлихан Бөкейханұлының сөзімен айтсақ, «Қандай заманда өмір сүрсек те газет – ғұмыр айнасы» болып қалары сөзсіз.

Аудандық «Құлан таңы» газеті алғашқы саны жарыққа шыққан 1940 жылдан бүгінгі күнге дейін үздіксіз шығып келеді. Ал, газет ұжымы адалдықтан айнымай, бірлік пен ынтымақты ту етіп, билік пен халық арасындағы алтын көпір қызметіне кір келтірмей қызмет етуде. Ақиқаттың алдаспаны, шындықтың шырақшысы болған  Шерхан Мұртазаның «Қарын аштығы қалпына келер, Құдай рухани аштықтан сақтасын» деген сөзі бар. «Құлантаңдықтардың» басты мақсаты да осы. Яғни, аудан жұртына тағылымы мол дүниені ұсынып, әр адамның ой-санасына, жұқамыр жүрегіне рухани құндылықтарымызды дарыту жолында тер төгіп келеміз. Осы бағытта жаңа айдарлар ашып, газеттің мазмұнын арттыруға күш салдық. Алдағы уақыттарда да бұл жұмыстар жалғаса беретін болады. Сондықтан бізден жаңалық күтіңіздер. Төл газет әрқашан төріңізде болсын.

“Қазпошта” байланыс бөлімшелерінде:

Заңды тұлғалар үшін:

6 айға – 2415 теңге
1 жылға – 4830 теңге

 

 Жеке тұлғалар үшін:

6 айға – 2015 теңге
1 жылға – 4030 теңге

 

Поделиться ссылкой: