Аудан басшысы кітапханаға кітап сыйлады
54 ViewsӘулиеата өңірінде кітап оқу мәдениетін дамыту мақсатында бірқатар ауқымды жобалар жүзеге асырылуда. Осы орайда, өткен аптада аудан әкімі Ернар Есіркепов кітапхана қызметкерлерімен жеке кездесіп,…
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрақтылық сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына арнаған жаңа Жолдауында «Кез келген реформаларды іске асыру барысында өзінің барлық іс-қимылын халықтың әл-ауқатын арттыруға арнайтын жинақы әрі тиімді мемлекеттік аппарат маңызды рөл атқаратын болады»,-деп атап
айтты. Сондай-ақ, «Сапа – мемлекеттік қызметші өмірінің жаңа стилі, ал өзін-өзі жетілдіру – оның басты қағидаты болуға тиіс» екендігін Елбасы өз Жолдауында нақты дәйекті мысалдар арқылы талдап, түсіндіріп берген еді. Ұлт Көшбасшысының жаңа Жолдауында айтылған орамды ойларды Асқар Тоқабаев басшылық жасайтын аудан әкімдігі ветеринария бөлімінің ұжымы да қуаттап,
қолдап отыр. Ел дамуына елеулі үлес қосып жүрген мемлекеттік қызметшілер әсіресе, үстіміздегі жылдан бастап айлық жалақыларының өсетінін естіп, шын көңілмен қуануда.
СУРЕТТЕ: аудан әкімдігі ветеринария бөлімінің басшысы Тоқабаев Асқар Тұңғышұлы ұжым қызметкерлеріне Елбасы Жолдауының мәні мен мазмұнын түсіндіру үстінде.