Жақсылықпен кел, Жаңа жыл
54 ViewsЖаңа жыл мерекесі аудан орталығында да, әрбір ауылдық округтерде де ерекше тойланды. Дәл сондай ерекше форматтағы Жаңа жылдық мерекелік кеш Көгершін ауылында да өтті.…
Бүгінде интернетсіз өмір сүру мүмкін еместей көрінеді ел үшін. Жастарды айтпағанда жасымыз жетпіске жуықтаған мына біздер де смартфон ұстап, әлеуметтік желілерге тіркеліп отырмыз. Алайда, біздікі ел айтып жүргендей еріккендіктің белгісі емес, қажеттілік. Атқарған жұмысымызды әлеуметтік желілер арқылы елге көрсетіп, жоғарғы органдарға фото есебімізді ұсыну үшін қажет. Болмаса маған интернет ақтарғаннан газет-журнал оқыған әлдеқайда ыңғайлы. Газеттің тілі шұрайлы болады. Ой-өрісіңді өсіріп, жан-дүниеңді байытады. Әрі десеңіз экранның арғы жағындағы жұтаң дүниелерді оқығаннан ел ішіндегі жаңалықтарды, елеулі оқиғаларды, рухани-танымдық мақалаларды газет арқылы қолыңа ұстап, сезініп оқығанның орны бөлек. Интернеттің дүниесін жұтаң дегеніме ешкім ренжи қоймас. Өйткені, ондағы мәліметтердің дені сенімді ақпарат көздерінен алына бермейтіні, жалған ақпараттардың қаптап жүретіні өз алдына, мақала мазмұны да қарабайыр, көшірме болып келеді. Кеңес заманынан бері елге еңбек етіп келеміз. Қолымнан газет түскен емес. Әсіресе, аудандық газеттің «Коммунистік еңбек» кезінен тұрақты оқырманымын. Тәуелсіздік таңы атқан жылы «Құлан таңы» атауын алған аудандық газет қазір заманға сай жаңарып, түрлі-түсті форматта шығады. Өз оқырманы қалыптасқан, аудан тарихымен тамырлас басылымның бүгінгі ұжымына шығармашылық табыс тілеймін.
Қожайхан БИЖАНОВ,
аудандық ардагерлер Кеңесінің төрағасы.