3 Алтын еншілеген Айару

274 Views

Жуырда ғана шахматтан Қырғызстанның Ыстықкөл демалыс саяжайында өткен Батыс Азия чемпионатында жеңімпаз атанған Луговой ауылындағы Тұрар Рысқұлов атындағы мектеп-лицейінің 1«А» сынып оқушысы Айару Каипова кезекті рет ауданымыздың мерейін тасытты. Жас шахматшы жақында халықаралық «AKBULAK OPEN – 2023» жарысына да қатысып, шахматтың классикалық, рапид және блиц түрінен 3 бірдей алтын медаль жеңіп алды. Айарудың болашағы әлі алда. Ол өте талантты қыз. Оның әлі де талай байрақты додаларда ауданымыздың абыройын асқақтататынына бек сенімдіміз. Айарудың осы халықаралық жарысқа қатысуына қолдау көрсетіп, 500 мың теңге қаржылай демеушілік көрсеткен кәсіпкер, «ТаразСтрой – 2004» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Мейірбек Джунусовке, сондай-ақ, аудан әкімдігі денешынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Ерлік Шабеевке өз алғысын білдірді Айарудың әкесі әрі жаттықтырушысы Ниязбек Каипов.

«Құлан таңы» ақпарат.

Поделиться ссылкой: