Оқу-жаттығу жиыны өтті

62 Views

Жыл басында Түркия мен Сирияда зілзала орын алып, бауырлас елдер қиындыққа түскен болатын. Енді жуырда ғана Марокко елінде де жер сілкініп, мыңдаған ел азаматы мерт болды. Мамандардың зерттеуі бойынша адам шығынының мұндай көп болуы қарапайым ережелердің орындалмауынан орын алған екен. Сондықтан да апта басында аудан аумағында «Жер – 2023» атты командалық оқу-жаттығу жиыны өткізілді.
Бұл оқу-жаттығу жиынының басты мақсаты – жер сілкінісі салдарынан туындаған төтенше жағдайларды жою кезінде іс-қимылдарды ширату, сондай-ақ, азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің басқару органдарын, күштік құрылымдардың дайындығын пысықтау.

«Құлан таңы» ақпарат.

Поделиться ссылкой: