Жеке бастың құқықтарына қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылығы үшін қамаққа алынды
2023 жылғы 13 шілде күні Тұрар Рысқұлов ауданы Әбжапар ауылының тұрғыны азамат Б. өзінің көршісі азаматша М-ны балағаттап күш қолдану әрекетін жасаған.
Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73-1-бабының 1-бөлігінде көзделген құқық бұзушылық жасаған, құқық бұзушымен отбасылық-тұрмыстық қатынастарда тұратын адамға денсаулықтың қысқа мерзімге бұзылуына немесе жалпы еңбек қабілетін тұрақты түрде болмашы жоғалтуға әкеп соққан, денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтірген.
Сот, құқық бұзушылықтың сипаты мен қоғамға қауіптілігін, жәбірленушінің пікірін ескеріп, заңмен адам құқығын құрметтеу мақсатында азамат Б-ға әкімшілік қамақ шарасын қолдануды дұрыс деп тапқан.
Жәбірленуші М. өзіне қол жұмсаған тұлға Б. екенін сотта нақты көрсеткен, сонымен қатар эксперттің қорытындысы оған дәлел болып табылады.
Сот құқықбұзушы Б-ға Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 73-1-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танып, оған 5 (бес) тәулік әкімшілік қамақ тағайындады.
3 (үш) ай мерзімге ерекше талаптар белгіленген, яғни тұрғылықты жері бойынша учаскелік полиция пунктіне профилактиқалық сұхбаттасу үшін айына төрт мәрте дүйсенбі күндері келіп тұруды, жәбірленушінің және оның отбасы мүшелеріне сыйламаушылық мінез танытуға, балағаттауға, қол жұмсауға тыйым салды.
«Құлан таңы» ақпарат.