«Өрт қауіпсіздігі» айлығы өткізілуде

116 Views

Аудандық Төтенше жағдалар бөлімінің қызметкерлері тұрғын үй секторларында, көпқабатты тұрғын үйлерде, сонымен қатар жем-шөп сақтау орындарында өрт оқиғасы орын алмауы үшін «Өрт қауіпсіздігі» айлығын жүргізуде. Аталмыш іс-шара ағымдағы жылдың 15 қыркүйегі мен қазан айының 15-і аралығында өткізіледі.
Шара барысында тұрғын үй секторларында өртке жол бермеу және оның алдын алу іс-шаралары, сондай-ақ, бұқаралық ақпарат құралдарын қатыстыра отырып, тұрғындарға үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Ал, дәл қазіргі уақытта аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері тұрғындарға өрт қауіпсіздігі шаралары бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, оқыс оқиғаның алдын алу үшін нақты шараларды іске асыруда. Алдағы уақытта бұл бағыттағы жұмыстар жалғасып, баспа беттерінде мақалалар жарияланып, жергілікті дауыс зорайтқыш құралдары арқылы хабарламалар беру жоспарлануда. Сондай-ақ, тұрғын үй аулаларында, көшелерде, елді мекендерде, әлеуметтік қамсыздандыру объектілерінде, көлік және байланыс кәсіпорындарында, емдеу және білім беру мекемелерінде түрлі бағытта конференциялар ұйымдастырып, нұсқаулықтар, кеңестер беру және тақырыптық лекциялар оқылады. Сонымен қатар, жоспарлы жұмыстар аудандық өрт сөндіру бөлімдерінде лекциялар оқу, білім беру мекемелерінде интерактивті сабақтар жүргізу, конкурстар мен ашық есік күнін ұйымдастыру арқылы іске асырылатын болады.

Аудандық Төтенше жағдайлар
және №10 өрт сөндіру бөлімі.

Поделиться ссылкой: