Келісімшарт бойынша әскери қызметке қабылдау
Келісімшарт бойынша әскери қызмет – бұл мемлекеттік қызметтің ерекше түрі ғана емес, кәсіби өсу келешегін беретін, әскери қызметкердің өзінің, оның отбасының әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз ететін абыройлы жұмыс. Біздің мақаламыз келісімшарт бойынша әскери қызметкерлер қатарына қосылғысы келетін азаматтар үшін ғана емес, сонымен қатар келісімшарттық қызмет деген не және оның қандай мүмкіндіктері бар екендігі туралы мәселе толғандыратын азаматтар үшін де пайдалы болады.
«Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» заңда көрсетілгендей, ең бірінші басты талап – келісімшарт бойынша әскери қызметке үміткерлер Қазақстан Республикасының азаматы болуы тиіс. Жасы 30-ға дейінгі, әскери есептілік мамандыққа ие, мерзімдік әскери қызметті өткерген немесе Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған мекемелерінде ақылы негізде арнайы әскери даярлықтан өткен болуы тиіс. Мемлекет шамадан тыс жүктемеде, сондай-ақ, қолайсыз ауа-райы шарттарында әскери қызметті атқаруға байланысты әлеуметтік қызметкерлер үшін әлеуметтік қолдауды көздейді. Біздің ел әскери қызметкерлердің өздеріне де, сондай-ақ, олардың отбасы мүшелеріне де қажетті көмекті көрсетуге тырысады.
Келісімшарт бойынша әскери қызметтің басымдығы:
– тұрғын үйді жалдауға төлемнің кепілдігі;
– тегін медициналық қамсыздану;
– тұрақты еңбекақы;
– Киім-кешекпен қамтамасыз етілу және қолданыстағы заң аясында өзге де әлеуметтік кепілдіктер.
Келісімшарт бойынша әскери қызметіне қалай орналасуға болады?
Келісімшарт бойынша әскери қызметке қабылдау үшін сізге, Т.Рысқұлов аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімге келуіңізге болады. Ол үшін: жеке куәліктің көшірмесі, әскери билеттің көшірмесі, білімі туралы құжаттың нотариуспен расталған көшірмесі, неке қию туралы және балаларының тууы туралы куәліктің көшірмесі керек.
Кандидат іріктеудің бірнеше кезеңінен өтеді. Бірінші іріктеу қорғаныс істері жөніндегі бөлімінде өтеді. Бұл медициналық тексерулер, құжаттарды тексеру, түрлі жерлерге сұраулар жолдау (сотты болмағандығы, әкімшілік жауапкершілікке тартылмағандығы жөнінде анықтамалар). Келісімшарт бойынша әскери қызмет атқару кезінде сырттай оқу орындарында қосымша азаматтық білім алуға мүмкіндік береді. Ол үшін еңбекақысы сақталатыны оқу демалыстары беріледі.
54179 әскери бөлімінің штаты өсуіне байланысты, төменде көрсетілген лауазымдарды сержанттар және қатардағы жауынгерлер құрамындағы бос лауазымдарын ұсынамыз:
Әскери бөлімінде көрсетілген санаттағы бос лауазымдар:
– маман (жүргізуші-электрик) – қатардағы жауынгер – 20 адам;
– маман (механик) – қатардағы жауынгер – 1 адам;
– маман (оператор) – қатардағы жауынгер – 3 адам;
– маман (жүргізуші) – қатардағы жауынгер – 16 адам;
– маман (жүргізуші- электрик) –қатардағы жауынгер – 7 адам;
– маман (оператор)- қатардағы жауынгер – 4 адам;
– аға маман (аға оператор) – ефрейтор – 4 адам;
– аға маман (аға аспаз) – ефрейтор – 1 адам;
– маман (радист) – қатардағы жауынгер – 1 адам;
– маман (электрик- аккумуляторшы) – қатардағы жауынгер – 1 адам;
– маман (токарь) – қатардағы жауынгер – 1 адам;
– маман (дәнекерлеуші-вулканизаторшы) – қатардағы жауынгер – 1 адам;
– маман (жүргізуші-краншы)- қатардағы жауынгер – 1 адам;
– сарбаз (атқыш) – қатардағы жауынгер – 26 адам.
Келісімшарт бойынша әскери қызметке ниет білдірген азаматтар Т.Рысқұлов аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінен толық ақпарат алуға болады. Мекенжайы Құлан ауылы, Жібек жолы көшесі көшесі 126.
Т.Рысқұлов аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім.