Азаттықтың ардақтылары
Республикалық «Желтоқсан ақиқаты» қоғамдық бірлестігінің құрылғанына 15 жыл болды. Бірлестіктің басты мақсаты – жастар арасында патриоттық құндылықты насихаттай отырып, желтоқсаншылардың есімдерін мұқым елдің назарына дәріптеу. Қазіргі таңда аталмыш ұйымның Тұрар Рысқұлов ауданында да арнайы бөлімшесі ашылып, 7-8 жылдан бері өз жұмысын жүргізіп келеді. Бауыржан Құрымбаев төрағалық ететін қоғамдық бірлестікте бүгінгі таңда желтоқсаншылардың қатары көп. Олар: Ләззат Қалабаева, Нұржамал Шымырбаева, Бақытжан және Бауыржан Құрымбаевтар, Орынбасар Омарова, Роза Айбасова, Сабира Нәлібаева, Сая Ибраимова, Сандуғаш Шәріпханова, Әділбек Қадырханов. Қоғамдық бірлестіктің мүшелері «Ел Тәуелсіздігінің – 25» және
«Желтоқсан көтерілісіне – 30,35 жыл» атты медальдармен марапатталған.
Суретте: республикалық «Желтоқсан ақиқаты» қоғамдық бірлестігінің Тұрар Рысқұлов аудандық бөлімшесінің мүшелері.