Көктемнің әр күні – Жылға азық

69 Views

Жақында аудан әкімі Ернар Есіркепов аудандағы бірқатар нысандарды аралап, атқарылып жатқан жұмыстардың жай-күйлерін зерделеді.

Көктемгі дала жұмыстары жоспарлы жүзеге асырылуда. Бүгінге 78 мың гектар жер айдалып, 21 мың гектар тұқым жерге түсті. Бұл жұмыстарға аудан бойынша 292 ауылшаруашылығы техникасы жұмылдырылған. Шаруаларға осы мақсаттарға 620 тонна жанар-жағармай төмендетілген бағада таратылып, 1645 тонна тыңайтқыш алынды.
Көктемгі санитарлық тазалықтың екі айлығы да тиісті деңгейде жүзеге асырылуда. Бұл шараға тұрғындар мен кәсіпкерлер де белсенді атсалысуда. Тазалыққа арналған екі айлық бас­талғалы бері 90 тонна күл-қоқыс шыға­рылды және 300-ден аса тал-дарақтар егіліп, 69 шақырым арық, каналдарды тазалау жұмыстары жүргізілді. Бұл шаралар әлі де өз жалғасын табатын болады.
Қазіргі таңда өткір де өзекті тұрған мәселе – су тасқындарының алдын алу шаралары. Бұл аудандық атқарушы билік өкілдерінің басты назарында.

Аудан әкімінің баспасөз қызметі.

Поделиться ссылкой: