Ана тілің – арың бұл…

148 Views

Қазақстан Республикасының Конституциясының 7-ші бабының 1-ші бөлігіне сәйкес, Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл – қазақ тілі.
Мемлекеттік тіл үшін күресу заңға қайшы емес. Қазақ тілінің мәртебесін көтеру – әр азаматтың парызы. Өз ана тіліміздің қадірін біліп, өз тілімізде дұрыс сөйлесе білу – қазақ баласының міндеті деп білемін.
Тіл ана сүтімен бойымызға сіңіп, атадан балаға жетіп отыратын ұлы күш. Ол талай дәуірді, қоғамды, кезеңді өткеріп келеді. Қазақ тілі – мемлекетімізді өркендетуге себепші болатын қуатты күш.
Тұрар Рысқұлов аудандық сотында мемлекеттік тілді жетілдіру іс-шаралары жоғары деңгейде деуге болады. Оның айғағы сот отырыстары мемлекеттік тілдің қолданылу аясында кеңейтіліп өткізіледі. Қазақ тілінің көркемдік сөз ерекшеліктері кімді де болса таңқалдырмай қоймасы анық. Сот қызметкерлерінің қазақ тіліне деген ықыластарын күннен-күнге арттыруда.
Сот қызметкерлері қазақ тілінің өркендеп дамуына өздерінің үлесін қосып отырады. Тұрар Рысқұлов аудандық сотында қазақ тілі мен әдебиет аясында әртүрлі іс-шаралар өткізіліп тұрады.

У.АҚпанова,
аудандық сот әкімшісінің бас маманы.

Поделиться ссылкой: