Өз өлкеңді танисың ба?
50 Views«Өзгені тану үшін алдымен өзіңді тани біл» деген жалпы адамзаттық қағида ең алдымен туған өлкенің тарихына үңілуді талап етеді. Осы орайда, жақында аудан орталығындағы…
2023 жылдың 30 тамызында «Жол қозғалысын ұйымдастыру мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң күшіне еніп, яғни шағын электр көлігіне гидроскутерлер, сигвейлер, монокөліктер, электр скейтбордтар және басқа түрлері жатқызылған. Қабылданған жаңа заңға сәйкес, электрлі самокат веложолда, веложолақтарда, 25 км/сағат жылдамдықпен жүріс бөлігінің оң жақ шетінде, оның ішінде маршруттық көліктерге арналған жолақ бойымен бір қатарда қозғала алады. Ал тротуар мен жол жиегінде, жаяу жүргіншілер жолында 6 км/сағаттан аспайтын жылдамдықпен жүруі керек. Сонымен қатар, электрлі самокатпен көлікке арналған жолмен жүруге тек 18 жастан бастап рұқсат етіледі және жүргізуші куәлігінің кез келген санаты болуы керек.
Мопед, электрлі самокат және велосипед жүргізушілері жолда жүргенде ғана бекітілген шлемді киюі керек.
Самокат айдайтындарға салынатын айыппұл. Қазір оларды жолаушылар мен жүктерді тасымалдау (ӘҚБтК-нің 593-бабы, 5 АЕК көлемінде айыппұл салу), сондай-ақ, жол жүрісіне қатысушыларға қойылатын өзге де талаптарды бұзғаны үшін (ӘҚБтК-нің 620-бабы, ескерту немесе 3 АЕК көлемінде айыппұл салу) жауапкершілікке тартылатын болады.
Мопед, электр самокат және велосипед жүргізушілеріне:
– кем дегенде бір қолыңызбен рөлді ұстамай жүргізуге;
– жолаушыларды тасымалдауға арналған арнайы құрылғылары бар велосипедтер және мопедтер болмаса, жолаушыларды тасымалдауға;
– жүктерді тасымалдауға арналған арнайы құрылғылары бар велосипедтермен және мопедтермен болмаса жүкті, сондай-ақ, ұзындығы немесе ені бойынша габариттерден 50 сантиметрден асатын жүкті немесе басқаруға кедергі келтіретін жүкті тасымалдауға тыйым салынады;
– велосипедті немесе электр самокатты айдаған кезде сіз жүрген жерде велосипед жолы бар жермен жүру керек.
Бүгінде Қазақстанда электр самокат тізгіндегендер көп. Жеңіл, экологиялық таза әрі денсаулыққа да пайдалы бұл көлік түрінің қолданыс аясы енді кеңейе беретіні анық. Алайда, самокаттың қатысуымен болған жол апаттарының саны да артып келе жатқаны алаңдатады. Сол себептен жоғарыда айтылған ережелерді сақтауды назарға алып жүрулеріңізді ескертеміз.
Аудандық полиция бөлімі.