Рухтың күші – әкеде
Жақында дәл осындай тақырыпта Ақыртөбе орта мектебінде аудандық деңгейде дөңгелек үстел отырысы өткізілді. Аталған дөңгелек үстелге аудандық ардагерлер Кеңесінің төрағасы Қожайхан Бижанов, аудандық әкелер кеңесінің төрағасы Мырзабек Маңғұтов, Ақыртөбе ауылдық округінің әкімі Бауыржан Ахметов, аудандық білім бөлімінің әдіскері Гаухар Ноғайбаева, Ақыртөбе ауылдық округінің ардагерлер кеңесінің төрағасы Сатыбалды Иманалыұлы, Ақыртөбе орта мектебінің әкелер кеңесінің төрағасы Нұрлан Әбдімәлікұлы, білім беру ұйымдарының «Әкелер» кеңесінің төрағалары, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары мен Ақыртөбе орта мектебінің әкелері қатысты.
Бұдан бөлек білім беру ұйымдарының «Асқар тау» әкелер кеңесінің мүшелері ситуациялық сұрақтарға жауап беріп, пікір алмасып, іс-шараға белсене қатысып отырды.
Шараның мақсаты – мектеп пен ата-ананың арасындағы қарым-қатынасты нығайтып, әкеге деген құрмет сезімін арттыру, әкенің бала тәрбиесіне, оның біліміне, тәртібіне ықпал етуіне көмектесу.
«Менің отбасым білуге тиіс» тақырыбы бойынша Мырзабек Қарақұлбайұлы сөз сөйлеп: «Ұлтымыз – қазақ, дiнiмiз – ислам болғаннан кейiн, әдет-ғұрпымыз бен салт-дәстүрiмiздi, әдебiмiздi, мәдениетiмiздi мұсылмандықтан бөлiп қарай алмаймыз. Сондықтан дiн мәдениетiн табиғатымызға сiңiрiп, әдебiн үлгi етер болсақ, тәрбиемiздiң ұтымды болары, ұрпағымыздың ұлттық санасы беки түсерi анық» – деп, әкелерге кеңес берді.
Семинар соңында аталған шараға белсене қатысқан бірқатар әкелер алғыс хатпен марапатталды.
Меруерт Елеуова,
Ақыртөбе орта мектеп директорының тәрбие
ісі жөніндегі орынбасары.