Мерекелік құттықтау

161 Views

ҚҰРМЕТТІ ЖЕРЛЕСТЕР! ҚҰРМЕТТІ ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАР!
Сіздерді 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні мерекесімен құттықтаймыз!
Бұл – батыр бабалардың даңқты жолы мен Отанға адал қызмет ету дәстүрін тоғыстыратын мейрам. 1992 жылы Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері құрылып, дәл осы күн «7 мамыр – Отан қорғаушылар күні» деп жарияланды.
Сондықтан да бұл күн – Отанды қадірлейтін, оның тарихын құрметтеп, айбынды әскеріміздің атағын асқақтатын, мемлекетіміздің қуатын айғақтайтын күн. Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол – Тәуелсіз Қазақстан. Әрбір Тәуелсіз мемлекеттің басты мақсаты – ел тыныштығын қорғау, мемлекет тұтастығын сақтау.
Қазақ елінің тыныштығы мен тұрақтылығын әуеде, құрылықта, теңізде қорғап жүрген бүгінгі күннің батырлары – бар ғұмырын Отанымызды қорғауға арнап, қызметін мінсіз атқарып келе жатқан әскери қызметкерлерге алғысымызды білдіреміз.
ҚҰРМЕТТІ САРБАЗДАР!
Тәуелсіз Қазақстанның бейбітшілігін көздің қарашығындай сақтап, ұлт қауіпсіздігін қамтамасыз етіп тұрған ұлттық әскеріміздің айбыны арта берсін! Сіздердің қызметтеріңіз – еліміздің Тәуелсіздігінің, Қазақстанның әр шаңырағының тыныштығы мен алаңсыздығының кепілі. Әскери қызметшілерді, ардагерлерді және барша сарбаздарды Отан қорғаушылар күнімен құттықтаймыз. Өздеріңізге денсаулық, қызметтеріңіз бен еңбектеріңізге, жауынгерлік даярлықтарыңызға табыс тілейміз.
Айбынымыз әрдайым асқақ, байрағымыз қашанда биік болсын. Тәуелсіздігіміз тұғырлы, елдігіміз ғұмырлы болсын. Аспанымыз ашық, еліміз аман болсын.
ҚҰРМЕТТІ АРДАГЕРЛЕР МЕН ТЫЛ ЕҢБЕККЕРЛЕРІ!
ҚЫМБАТТЫ ЖЕРЛЕСТЕР!
9 мамыр – Жеңіс күні – ең қымбатты, мәртебелі мейрам. Бұл мереке халқымыздың ерлігі мен даңқының жарқын көрінісі болып табылады. Бүгін біз – Ұлы Жеңістің 79-шы көктемін қарсы алудамыз.
Бұл – Отан қорғаудағы өшпес ерлік пен өлшеусіз даңқтың, халқымыздың шексіз қаһармандығы мен мұқалмас қажыр-қайратының ең айтулы мерекесі.
Барша ардагерлер мен аудан тұрғындарын Ұлы Жеңіс күнімен құттықтаймыз!
Бүгінгі бейбіт күнге жеткізіп, біз үшін зор мақтаныш пен нағыз патриотизмнің үлгісіне айналған ардагерлердің ерлігі ешқашан ұмытылмайды.
Олардың ерлігін жадында сақтап, оны кейінгі ұрпаққа мұқият жеткізу – біздің қастерлі борышымыз.
Ерлікке толы тарихи күнде ауданымыздың барша тыл ардагерлері мен майдангер батырларымыздың ұрпақтарына зор денсаулық, отбасыларына амандық, елімізге береке-бірлік тілейміз!
Бүгінгі бейбіт ғұмырымыз бен бақытты болашағымыз үшін Сіздерге алғысымызды білдіреміз!
Еліміз аман, жұртымыз тыныш, іргеміз бүтін болсын!

Аудан әкімі Е.Есіркепов
Аудандық мәслихат төрағасы Е.Әбутәліпов.

Поделиться ссылкой: