Музыканың әлемі – Төлебаев мектебі!
113 ViewsӨткен сенбіде Мұқан Төлебаев атындағы балалар музыка мектебінің ұжымы өздерінің 50 жылдық мерейтойларын атап өтті. «Шығармашылық пен еңбектің жарты ғасыры» деген тақырыпта өткен Мэлс…
Аудан әкімі Ернар Есіркепов Ұлы Жеңіс күні қарсаңында тыл ардагері, Луговой ауылының тұрғыны Әділ Талдыбаевтың шаңырағына арнайы барып, мерекемен құттықтады. Аудан басшысы қазыналы қарияға ізгі лебізін арнап, ұзақ жылдар бойы атқарған елеулі еңбегін ескеріп, өнегелі өмірін атап өтіп, өз алғысын жеткізді. Өз кезегінде Әділ ақсақал да естеліктерімен бөлісіп, ақ батасын берді. Айта кетейік, Әділ Мұқашұлы 2 ұл, 2 қыз өсіріп тәрбиелеген. Бүгінде олардан 12 немере, 13 шөбере сүйіп отыр. Әділ Талдыбаев ұзақ жылдар бойы мемлекеттік қызметте еңбек еткен. Бүгінде сол бейнеттің зейнетін көріп отырған ақсақал елдің амандығын, тыныштығын тілеп, өскелең ұрпақты бейбіт күннің бағасын білуге шақырып келеді.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі.