Қарт ананы құттықтады
27 ViewsЖурналистика – жүрекке салмақ салатын мамандық. Неше түрлі кейіпкерлермен тілдесесің. Бірінде қуанасың, енді бірінде кейбір адамдарға қолдың қысқалығынан көмектесе алмай, «өзіңді-өзің жейтін» сәттер көп…
Ауданымыздан небір мықты сақа спортшылар шыққан. Айталық, Сидней олимпиадасында топ жарған Ермахан Ыбырайымов, осы олимпиада ойындарында еркін күрестен күміс медаль еншілеген Ислам Байрамуков, Лондон олимпиадасында еркін күрестен қола медаль иеленген Ақжүрек Таңатаров, Рио және Токио олимпиадаларында күміс пен қола медаль жеңіп алған Елдос Сметов осы ауданның перзенттері. Осыған қарап-ақ, бұл ауданның спорт саласында айтарлықтай жетістіктері барын байқауға болады. Қазір осы саңлақ спортшылардың сара жолын Әлішер Ерғали және Ержет Жарылқасын секілді қос бірдей балуанымыз абыроймен жалғастырып жүр. Әлішер Ерғали еркін күрестен Қазақстан чемпионы. Азия біріншіліктерінде де ел қоржынына медаль салып жүр. Әлішердің алғашқы бапкері – Асхат Жаманбаев. Ал, грек-рим күресінен жақында ғана Қырғызстанның астанасы Бішкек шаһарында өткен Азия чемпионатында алтын медаль иеленіп, ел мерейін тасытқан Ержет Жарылқасынның жеткен жетістіктерін сіздер бізден жақсы білесіздер. Өйткені, ол сан мәрте газетте жазылды. Ержеттің алғашқы бапкері – Нұркен Қырбасов. Қос балуан да халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Олар қай жарысқа қатысса да, ел қоржынына міндетті түрде медаль салады. Міне, біздің мақтаныштарымыз.
Өткен аптада аудан әкімі Ернар Есіркепов ауданымыздың ғана емес, күллі Қазақ елінің абыройын асқақтатып жүрген сақа спортшылар Әлішер Ерғали мен Ержет Жарылқасынды арнайы қабылдап, құрмет көрсетті.
Өз сөзінде аудан басшысы Ернар Серікәліұлы:
– Мен әрдайым сіздердің күрес өнерлеріңізді бақылап, көріп отырамын.Әлішер Бішкек қаласында өткен лицензиялық турнирде Франция астанасы Париж қаласында өтетін олимпиада ойындарына қатысуға жолдама еншілеп алды. Ал, Ержеттің Азия чемпионатында жоғары деңгейде күрескенін көз көрді. Біз сіздерді әрқашан мақтан тұтамыз. Сіздер қандай құрметке болса да лайықсыздар. Дүбірлі додаларда жеңіске жетіп, ауданымыздың атын асқақтатып, еліміздің Көк байрағын желбірете беріңіздер, – деді. Кездесу соңында қос балуан құрмет көрсетіп, арнайы қабылдаған аудан әкімі Ернар Серікәліұлына алғыстарын білдірді.
Марат Жолдасбекұлы.