Аудандық сот ұжымы Гүлнәр Орымбекованы құрметті зейнет демалысына шығарып салды

135 Views

Тұрар Рысқұлов аудандық сотының төрағасы Айдарбек Замбаев осы сот әкімшісінің басшысы Орымбекова Гүлнәр Садайқызын құрметті зейнет демалысына салтанатты жағдайда шығарып салды.
Гүлнәр Орымбекова 43 жыл сот саласында жұмыс атқарған. Өз еңбек жолын 1981 жылдан Жамбыл облысы Луговой ауданының, Луговой халық сотының сот отырысының хатшысы қызметінен бастаған. 1982 жылдан бастап 2023 жылға дейін кеңсе меңгерушісі қызметін, одан кейін Тұрар Рысқұлов аудандық соты әкімшісінің басшысы қызметін атқарған.
Тұрар Рысқұлов аудандық сотының төрағасы ұзақ жылғы адал еңбегі үшін Гүлнәр Орымбековаға алғыс білдіріп, отандық сот жүйесін дамытудағы рөліне ерекше тоқталып өтті. Айдарбек Замбаев: «Сіз нағыз кәсібиліктің, жұмысқа деген жауапкершіліктің жоғары үлгісісіз», – деген бағасын беріп, оған денсаулық тіледі.
Сонымен қатар, ұзақ жылдар бойы бірге қызметтес болған үзеңгілес әріптестері де өз ілтипаттарын білдіріп, Гүлнәр Орымбековаға сәттілік тіледі.
Іс-шара соңында Гүлнәр Орым­бе­ко­­ваға гүл шоқтарымен бірге естелік сыйлықтар табыс етілді.

«Құлан таңы» ақпарат.

Поделиться ссылкой: