Ана – ел қамқоры, тіршілік бұлағы

154 Views

Аналар күні –
әлемнің көптеген елдерінде ананы құрметтеу, аналарға сүйіспеншілігі мен қамқорлығына алғыс айту
үшін атап өтілетін
маңызды мереке.
Биыл бұл мереке
Қазақстанда алғаш рет 12 мамыр күні болып белгіленді.

Осыған байланысты сәрсенбі күні Мэлс Өзбеков атындағы мәдениет үйінде аудандық кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Ана – ел қамқоры, тіршілік бұлағы» атты мерекелік концерт өтті.

Аталмыш форумға аудан әкімінің орынбасары Ерғазы Жұмабекұлы, аудандық мәслихат төрағасы Ербол Абақұлы, аудандық ардагерлер Кеңесінің төрағасы Қожайхан Бижанов, аудандық әкелер кеңесінің төрағасы Мырзабек Маңғұтов, аудандық аналар кеңесінің төрайымы Түзел Селбай қатысты. Аталған шараға әр мекеменің әйелдер қауымы шақырылды. Әрине, бұндай жиын аналардың мәртебесін нығайтуға, ана болудың маңыздылығын және қазіргі қоғамдағы аналардың рөлін арттыруға ықпал етеді.
Шара барысында аудан әкімінің орынбасары Ерғазы Еспенов аналарға арнап құттықтау сөз сөйлеп, облысқа, республикаға танылып жүрген оқушылардың аналарын арнайы алғыс хатпен марапаттады. Сондай-ақ, аудандық мәслихат төрағасы Ербол Әбутәліпов барша аналарды айтулы мерекемен құттықтап, өзінің жылы лебізін білдірді. Мерекелік концертте кітапхана қызметкерлерінің орындауында арнайы қойылымдар қойылып, әндер шырқалды. Шара соңында қатысушылар естелік фотоға түсті. Сөз соңында аналарға деген құрметтің, ілтипаттың, құттықтаудың ешқандай шектеулі мерзімі жоқ дегіміз келеді.

Гүлнұр АМАНЖОЛ.

Поделиться ссылкой: