Өз өлкеңді танисың ба?
50 Views«Өзгені тану үшін алдымен өзіңді тани біл» деген жалпы адамзаттық қағида ең алдымен туған өлкенің тарихына үңілуді талап етеді. Осы орайда, жақында аудан орталығындағы…
Жыл сайын 25 мамырда мектеп бітіргендеріне 20, 30, 40, 50 жыл болған түлектер бас қосып, өздері білім алған мектептеріне тарту жасап жатады. Бұрынғы Октябрьшаруа, қазіргі Қарақат ауылындағы №2 шағын орталықты орта мектептен түлеп ұшқан әр жылғы азаматтар да өздерінің кіндік қаны тамған ауылдарына сый-жоралғыларын жасап келеді. Биыл да сол дәстүр өз жалғасын тапты. Атап айтсақ, 1987 жылы дүниеге келген 2004 жылы мектеп бітірген 20 жылдық түлектер №2 шағын орталықты орта мектебінің ауласына «Ұстаздар аллеясын» жасап, жуырда осы шарапаты мол іс-шараның салтанатты ашылу рәсімі өтті.
Аталмыш мектептің директоры Әлішер Жомарттың айтуынша, жыл сайын «Жомарт түлек» жобасы аясында мектеп түлектері ауылға көмек қолын созып, демеушілік көрсетіп отырады екен. 2004 жылғы мектеп бітірген 20 жылдық түлектердің де ауыл тұрғындарына жасаған тартуы осы сөзді қуаттай түссе керек.
Бұл аллеяда мектеп ұстаздары, сондай-ақ, ауыл тұрғындарының кешкілік серуен құрып, демалуларына болады. Расымен де өте жақсы бастама. Осындай игі істер ауылдағы тұрақтылық пен бейбітшіліктің көрінісін көрсетері анық.
Түлектер тарту еткен аллеяның ашылу салтанатына ардагер ұстаздар, мектеп әкімшілігі және ауыл тұрғындары қатысып, арнайы лента қию рәсімі жасалды. Бұл құрылысқа түлектер 1 500 000 млн. теңгеден астам қаржы жұмсаған. Айта кетейік, ұстаздар аллеясын салу туралы идеяны аудандық мәслихат депутаты Талғат Тәттіқожаев ұсынған екен. Осылайша әркез елдің ауылдың бірлігін ойлайтын 20 жылдық мектеп бітіруші түлектер үлкендерден бата алып, көптің алғысына бөленді.
Марат Аятберген.