Отбасылық сот – татуластырудың тиімділігі

173 Views

Отбасылық сот – қоғамдағы ажырасуды азайту, дау-дамайлардың мөлшерін қысқартып, отбасы институтын сақтап, одан әрі дамытуға бағытталған. Отбасылық сот қарайтын істердің басым көпшілігі татуластырумен аяқталып, ол өзінің тиімділігін көрсетіп отыр.
Мұндағы басты мақсат – ерлі-зайыптылардың ажырасу жөніндегі талап арыздарын қарау емес, керісінше, отбасын сақтап қалу және оны сауықтыру, шаңырақта қалыптасқан мәселелерді шешуге, өзара татулыққа жеткізу.
Мысалы, 2024 жылдың 4 айында Т.Рысқұлов аудандық сотында неке бұзу туралы 35 азаматтық іс қаралса, оның ішінде 16 отбасы татуласқан. Яғни, ажырасам деушілердің 45 пайызы татуласқан. Бір ғана аудан үшін бұл жақсы нәтиже екенін айтуға болады. Жоба аясында шаңырағы шайқалуға аз қалған отбасыларды ажырасудан сақтап қалған істер көп.
Сотқа дейінгі және сот процесінде осы әр отбасында туындаған мәселелерді мұқият зерттеуге және отбасын сақтау үшін барлық қажетті шараларды білікті мамандармен бірлесіп қабылдау қажет.

С.Узбеков,
аудандық соттың судьясы.

Поделиться ссылкой: