Мемлекеттік корпорация заң бұзушылықтармен күресті күшейтті

148 Views

2024 жылдың І тоқсанында Мемле­кеттік корпорация өз күшімен мемлекеттік қызмет көрсету барысында тіркелген 1319 бұзушылықты анықтады. Салыстырмалы түрде өткен жылдың осы кезеңінде бұл көрсеткіш 249 бұзушылықты құраған.
Мемлекеттік корпорация анық­талған фактілерді құқық қорғау орган­дарына беріп, нәтижесінде 12 қыл­мыстық іс қозғалды.
«Азаматтарға арналған үкіметтің» 90 қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылды. 2 қызметкердің лауазымы төмендетілді және 9 қызметкермен еңбек шарты бұзылды.
Бұзушылықтар ХҚКО-лар мен мамандандырылған ХҚКО-лар қыз­метінде, жылжымайтын мүлікті тір­кеуде, жер кадастрында және т. б. бойынша анықталды.
Бұл фактілер бойынша Алматы қаласы, Алматы, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарында сотқа дейінгі тергеулер жүргізілуде.
Осы орайда, Мемлекеттік корпорация сыбайлас жемқорлыққа нөлдік төзім­ділік қағидатын ұстанатынын атап өтуі­міз керек. Қауіпсіздік қызметінің мамандарымен бұзушылықтарды ашу бойынша үлкен жұмыс жүргізіледі. «Азаматтарға арналған үкімет» құқық қорғау органдарымен өзара тығыз байланыста және анықталған құқыққа қарсы іс-қимылдар туралы барлық фактілер дереу қарастыруға жіберіледі.
Қазіргі уақытта «Азаматтарға арналған үкімет» пен ҚР ҚМА арасында бірлескен меморандум әзірленуде. Ол көлік құралдарын мамандандырылған ХҚКО-ларда заңсыз тіркеуге қарсы күрес жүргізу барысында тараптардың ынтымақтастығын нығайтуға және күш-жігерін үйлестіруге бағытталған.
Сонымен қатар, 2023 жылдың 16 қазанынан бастап сыбайлас жем­қорлықтың құрамдас бөліктерін азайту үшін Мемлекеттік корпорация жүргізуші куәлігін алу үшін тапсы­ры­ла­тын емтихандардың өткізу тәртібін қатаңдатуға мүмкіндік беретін 3.0 ЖЖЕ жүйесін енгізгенін еске саламыз.

Аудандық Халыққа қызмет көрсету бөлімі.

Поделиться ссылкой: