«Ауыл – ел бесігі»: Аймақта биыл 200-ге жуық жоба жүзеге асады

146 Views

Жамбыл облысында биыл «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында 96 ауылдық елді мекенде 200-ге жуық жоба жүзеге асады.

Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсартуға бағытталған жобаларға бюджеттен 17,3 млрд. теңге бөлінген.
Биыл аталған жоба бойынша 2 білім беру, 2 денсаулық сақтау, 10 мәдениет және 8 спорт нысанының құрылысы жүргізіледі. 6 мектепте күрделі жөндеу жұмыстары қолға алынады. Сондай-ақ, электрмен жабдықтау, жылумен қамтамасыз ету жобалары көзделген.
198 шақырым ауылішілік көше­лер­ді орташа жөндеу жұмыстары жоспарланып отыр.
Айта кетейік, өткен 2023 жылы «Ауыл – ел бесігі» жобасына 15,8 млрд. теңге қаралып, 103 ауылдық елді мекенде 300-ден аса инженерлік-инфра­құрылымдық жобалар іске асырылды.
Нәтижесінде 8 дене шынықтыру және сауықтыру кешенінің, 2 дәрігерлік амбулаторияның, 6 мәдениет үйінің құрылысы аяқталды. Бұдан бөлек 1 спорт, 1 денсаулық сақтау және 1 білім беру нысанының қазандығы қайта жаңғыртудан өтті.
Сонымен қатар 2 білім, 1 денсаулық сақтау, 3 мәдениет нысандарына күрделі жөндеу жүргізілді.
298 шақырым ауылішілік көшелер орташа жөндеуден өткізілді.

Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Поделиться ссылкой: