ОБА – ЖҰҒЫМТАЛ АУРУ

138 Views

Оба (pestis carnivarum) – көздің, тыныс жолдарының, ас-қорыту мүшелерінің кілегейлі қабығының қабынып, қызуы көтеріліп, теріде бөртпелер пайда болуымен, кейде орталық нерв жүйесінің зақымдануымен ерекшеленетін жұғымтал ауру.
Ұсақ мал обасы – бұл қойлар мен ешкілердің өте жұқпалы вирус­тық ауруы. Ол жедел немесе субак­туалды түрде жүреді. Ауыз және мұрын қуыстарының шырышты қабаттарының жаралы зақым­дануымен, коньюнктивитімен, ге­мора­гиялық гастроэнтеритімен, лим­фойд­тық жүйенің зақымдануымен және пневмонияның дамуымен сипатталады.
Инфекция қоздырғышының қайнар көзі – қой, ешкілер т.б. жұп тұяқтылар. Олар коньюнктивитті сілекей мен көз жасы, мұрын ағындылары, жөтелгенде сілекейлі шырыш, іші өткенде секреттермен қоршаған ортаға бөлінген вирус болып табылады. Мал өлексесі, сойылған мал еті вирус таралуына аса қауіп төндіреді.
Жыртқыш, ит, обамен ауырған мал өлексесін жеген құстар қоздырушыны механикалық тасымалдауы мүмкін. Вирус аэрогенді жолмен де, али­мен­тарлы жолмен де қора-жай құралдары арқылы тікелей жұғады.
Аурудың клиникалық белгілері – инкубациялық кезеңі әдетте 3-4 күн, кейде 4-10 күнге дейін созылуы мүмкін. Жедел ағымда ауру дене қызуының 41-42 градусқа дейін көтерілуімен, малдың мазасыздануымен басталады. Содан кейін тәбеттің нашарлауы немесе жоғалуы, мұрын айналасының құрғауы мен шырышты қабаттары қабынады. Тыныс алу қиындап, пневмония пайда болады. Аурудың 5-10 күнінде мал өледі.
Ауру малдарға ем қолданылмайды. Бұрын қолайлы аймақта ауру байқалса, дереу карантинге жабылып, тәу­ліктік пост беріліп, барлық бейім­ді жануарларды жояды. Өлексе, тері, тезекті өртейді. Қолайсыз пункт орын­дары территорияларын дезин­фек­ция жасайды. Мал өлгеннен кейін 21 күннен соң тасымалдауға рұқсат етіледі. Қорыта айтқанда, оба жануарлар үшін де, адамзат үшін де аса қауіпті дерт. Соның ішінде қой, ешкі обасының келтірер зияны өте көп. Ол тек мал ағзасын зақымдап қана қоймай, қоршаған ортаға үлкен қауіп төндіреді. Ешкі мен қой шаруашылығына да келтірер залалы өте үлкен. Осындай шығындарға ұшы­рамас үшін аурудың алдын алу шараларын қатаң қадағалап тұру маңызды іс болып табылады. Сон­дықтан, тиесілі шараларды уақтылы орындап, аурудың таралып кетуінен сақтануымыз қажет.

Аудандық ветеринариялық станциясы.

Поделиться ссылкой: