Қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау және шығару қызметтерді көрсетуге жария келісім шарты

146 Views

2024 жылғы 15 cәуірдің конкурс қорытындысының нәтижесі бойынша, Т.Рысқұлов ауданы, Құлан ауылдық округінің Құлан және Қарақат ауылдары, Абай ауылдық округінің Көкарық және Еңбекші ауылдары, Көгершін ауылдық округінің Көгершін ауылы, Көкдөнен ауылдық округінің Көкдөнен және Жақсылық ауылдары, Қарақыстақ ауылдық округінің Каменка ауылы тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, тасымалдау, сұрыптау және көму жөніндегі қызметтерді көрсету бойынша конкурстың жеңімпазы болып ЖК «Тазалық» танылды.

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Т.Рысқұлов аудандық Әділет департаментінде тіркелген ЖК«Тазалық» (БСН 591118301112), бұдан әрі көрсетілетін қыз­метті көрсетуші, жарғы негізінде әрекет ететін директор А. М. Искаков атынан, бір жағынан және үй-жайдың меншік иесі/жал­даушысы (жеке тұрғын үй, пәтер, тұрақты тұруға арналған және пайда­ланылатын жатақхана бөлмесі), бұдан әрі «Тұтынушы» деп атала­тын, екінші жағынан, бұдан әрі бірлесіп «Тараптар» деп атала­ды, көрсетілетін қызметті көрсетуші мен «Т.Рысқұлов тұрғын үй-комму­налдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» арасында жасалған 2024 жылғы «15» сәуір №7 қабылданған өзара міндеттемелер туралы шартты назарға ала отырып, Т.Рысқұлов аудандық мәслихатының 2023 жылғы 07 желтоқсан 13-5 шешімімен бекітілген Т.Рысқұлов ауданының аумағын абат­тандыру Қағидаларын және ҚР Экологиялық Кодексінің 283-бабын басшы­лыққа ала отырып, қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау және шығару бойынша қызметтер көрсетуге осы Шартты (бұдан әрі – Шарт) төмендегілер туралы жасасты:
Шартта қолданылатын негізгі ұғымдар:
1) «Қатты тұрмыстық қалдықтар», «ҚТҚ» (қатты формадағы коммуналдық қалдықтар);
2) «Коммуналдық қалдықтар» – тұрғын елді мекендерінде, соның ішінде адамның тіршілік әрекеті нәтижесінде пайда болатын тұтыну қалдықтары, оларға құрамы мен пайда болу сипаты бойынша жақын, өндіріс қалдықтары;
3) «Сұйық қалдықтар» – сұйық формадағы кез келген қалдықтар;
4) «Ірі көлемді қоқыс» – өз тұтынушылық қасиеттерін жоғалтқан және өз көлемдері бойынша арнайы қоқыс жинау машиналарымен тасымалдау мүмкіндігі болмайтын, тұтыну мен шаруашылық қызметтің қалдықтары (тұрмыстық техника, жиһаз және т.б.);
5) «Қоқыс шығарушы ұйым» – коммуналдық қалдықтарды мамандандырылған көлікпен шығарылуын жүзеге асыратын ұйым;
6) «Құрылыс қоқысы» – ғимараттарды немесе құрылыстарды, не бөлек конструкторлық элементтерді бөлшектеу (демонтаждау) процесінде, сондай-ақ құрылыс монтаждау және жөндеу құрылыс жұмыстарын орындау кезінде пайда болған қоқыс;
7) «Тариф» – ҚТҚ 1 текше метрін (м3) қайта өңдеу, орналастыру, (көму), оларды қаттау орындарынан қалдықтарды сақтау пункттеріне шығарудың құны;
8) «ҚТҚ шығару» қызметіне төлеу көлемі – әрекет етуші Тарифке сәйкес Т.Рысқұлов бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларымен, Жамбыл облысы Т.Рысқұлов аудан әкімдігінің 2023 жылғы 7 желтоксан №13-05 қаулысымен белгіленген тәртіпке сәйкес бекітілген қызметі төлемінің құны.
(бұдан әрі-ҚТҚ қалыптастыру және жинақтау нормалары);
9) «Контейнерлік алаң (қоқыс жинағыш)» – тұрғын үй-жайларда орналасқан үй-жайлардың меншік иелері/жалдаушылары тұрмыстық қалдықтарды үйлерде / әкімшілік ғимараттарда (оның ішінде тұрғын емес үй-жайларда) қатты заттарды жинауға арналған жалпы нүкте (Қалдықтарды жинаудың орталықтандырылған жүйесінің бөлімі).
1.Шарттың мәні
1.1. Осы шарттың мәні Қызмет көрсетушінің ҚТҚ жинау, кәдеге жарату, қайта өңдеу, көмуге арналған орындарынан (контейнерлік алаңдар) шығару бойынша өтемді қызметтердің көрсетілуі ( бұдан әрі қарай – «Қызметтер») және Тұтынушының аталған Қызметтерге Шарттың талапатарына сәйкес төлем жасауы болып табылады.
1.2. Қызмет көрсетуші, қоқыс шығарушы ұйым бола келе, өкілетті органдарымен бекітілген учаскелерде және қызмет көрсетушіні айқындау бойынша ұтып алынған конкурс нәтижелерінің негізінде Тұтынушыға Қызметтерді көрсетеді.
2. Есеп айырысу тәртібі
2.1. Қызметке ақы төлеу мөлшері тарифтің өзгеруіне сәйкес белгіленеді және өзгертіледі.
Т.Рысқұлов аудандық мәслихатының шешімімен Т.Рысқұлов ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер бекітілді: жайлы үйлер – 160 тг/тұрғын, жайлы емес үйлер – 160 тг/тұрғын, жылдық тариф бірлігіне (көлем) – 1699 тг/1 м3.
2.2. Көрсетілген қызметке ақы төлеу іс жүзінде үй-жайда (пәтерде, үйде) тұратын адамдар саны есебінен жүргізіледі, үй-жайда тіркелген адамдар (егер ішкі істер органдарының немесе жергілікті атқарушы органның деректері бойынша үй-жайда көбірек тіркелген жағдайда айына бір адамға шаққандағы қатты тұрмыстық қалдықтарды әкету үшін төлем мөлшеріне сәйкес).
Көрсетілетін қызметті көрсетуші үй-жайда адамдардың саны көбірек тіркеу фактісін анықтаған жағдайда қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау, әкету, кәдеге жарату, қайта өңдеу және көму үшін төлемақыны қайта есептеуді жүзеге асырады.
2.3. ҚТҚ әкету төлем құжаттар бойынша есеп айырысу айының келесі айдың 25-күнінен кешіктірілмей жүргізіледі. Қызметті көрсетуші ұсынған есеп айырысу шотына аудару немесе ақшалай қаражатты қызметті көрсетуші кассасына төленеді
2.4. Тұтынушының және/немесе онымен бірге тұрып жатқан тұлғалардың уақытша болмауы жағдайында, оның/олардың болмаған кезіндегі мерзіміне арыз және растау құжатын ұсыну шартымен, Қызметтер үшін төлем алынбайды. Тиісті өтінішті еркін нысанда беру және растау шарттары құжаттың (уақытша тұрғылықты жері бойынша тіркеу туралы анықтама, емдік мекемелер, жұмыс орнынан, санаторий-курорттық жолдама, төлем туралы түбіртек қонақ үйде тұру және т.б.). Тұтынушы өтініш берген сәттен бастап көрсетілген мән жайлар төлемді қайта есептеу үшін ескеріледі
2.5. Мөлшерінде жеңілдіктер қарастырылған:
– І,ІІ топтағы мүгедектерге қызметтер тегін көрсетіледі;
Жеңілдіктер тұтынушы растайтын құжаттарды ұсынған кезде қолданылады.
3. Тұтынушының құқығы мен міндеттері
3.1. Тұтынушы құқылы:
3.1.1. Санитарлық талаптарға сәйкес ҚТҚ-ны жинауға, пайдалануға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар, қалдықтарды қолдану, залалсыздандыру, тасымалдау, сақтау және көму өндіріліуне және тұтынуына, бекітілген кестелерге сәйкес ҚТҚ уақытылы шығарылуына;
3.1.2. Тарифтерді және Қызметтерге төлеу Мөлшерін қолдану туралы ақпарат алуға;
3.1.3. Белгіленген мерзімде қызметтерді көрсетуде қызмет көрсетушімен анықталған кемшіліктерді жоюға;
3.1.4. Қазақстан Республикасының әрекет етуші заңнамасымен анықталатын, көлемі мен тәртібінде Қызмет көрсетушінің кінәсінен Қызмет көрсетудегі кемшіліктер салдарынан денсаулығына және/немесе мүлкіне келтірілген шығындар мен зиянды толық көлемде өтеуге;
3.1.5. Оның құқығы бұзылған жағдайда Қазақстан Республикасы қолданыстағы заңнамасына сәйкес сот арқылы қорғануына.
3.2. Тұтынушы міндетті:
3.2.1. ҚТҚ шығару бойынша Қызмет көрсетушінің қызметтерін осы шартта белгіленген мерзімде және толық көлемде төлеуге;
3.2.2. «ҚТҚ әкету» қызметіне ақы төлеу мөлшерін қайта есептеуге әкеп соғатын кез келген өзгерістер, соның ішінде тұрғын үй-жайда (пәтер, үй және т. б.) тұратын адамдардың саны өзгерген жағдайда қызметті көрсетушіге келу тәртібімен ақпаратты уақытылы ұсыну;
3.2.3. Қызметті көрсетуші өкіліне тұрғын үйде тұратындардың нақты санын анықтау қажетті қолжетімділікті қамтамасыз ету;
3.2.4. Жылжымайтын мүлікпен азаматтық құқықтық шарт жасалған жағдайда, тұрғын үй-жайдан шығу күніне дейін, немесе жалға берілетін тұрғын үйден шыққан жағдайда, Қызмет көрсетушімен толық өзара есеп айырысу жүргізу;
3.2.5. Пайда болған қатты тұрмыстық қалдықтарды контейнерлік алаңдарға жинау;
3.2.6. Сұйық қалдықтардың төгуін, құрылыс қоқысын, топырақ, ірі габаритті жүктерді, металл сынығын, ағаштар кесіктерін, бұталарды, жапырақтарды, бұтақтарды қоқыс жинағышқа тасталуын болдырмау;
3.2.7. ҚТҚ және басқа қоқыстардың ол үшін белгіленбеген орындарда (контейнерлік алаңдардан басқа) қаттап сақталуына, сондай ақ контейнерлерде, аулаларда, көшелерде оларды жерге көмуге, жағуға жол бермеу;
3.2.8. Сақталуды қамтамасыз ету мақсатында қоқыс жинағыштарға және контейнерлік алаңдарға ұқыпты қарау;
3.2.9. Мамандандырылған техникаға контейнерлік алаңдарға кедергісіз қол жеткізуді қамтамасыз ету
3.2.10. Қазақстан Республикасының әрекет етуші заңнамасында және осы Шартта көзделген өзге міндеттемелерді орындау.
4. Қызметті көрсетушінің құқықтары мен міндеттері
4.1. Қызмет көрсетуші құқылы:
4.1.1. Тұтынушыдан уақытылы және толық көлемде Қызметтер үшін төлем алуға және төлеу мерзімдерін бұзған жағдайда Шартта қарастырылған шараларды қолдану;
4.1.2. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, Тұтынушыға Шарт бойынша көрсетілген Қызметтерге Қызмет көрсетуші өз мүліктік мүдделерін қорғау үшін Тұтынушыдан қарыз сомасы мен есептелген айыппұл санкцияларын мәжбүрлі өтеу арқылы.
4.1.3. Заңнамада белгіленген Көрсетілетін қызметтердің тарифтерін және Келісім-шарттың 3.2.2-тармақта көрсетілген мән-жайларын анықтау кезінде «ҚТҚ әкету» қызметіне ақы төлеу мөлшерін тәртіппен өзгертуге
4.2. Қызмет көрсетуші міндетті:
4.2.1. Мемлекеттік санитариялық эпидемиологиялық қадағалау басқармасымен келісілген өзіне бекітілген учаскелерді Қзақстан Республикасының нормативтік актілеріне сәйкес ҚТҚ жоспарлы-реттік тазартуын кестеге сәйкес жүргізуге;
4.2.2. Контейнерден қоқыс тиеу кезінде төгілген қоқысты жинауды жүргізу;
4.2.3. Қозғалыс схемасына және пайдалану өзгерген жағдайда маршруттық кестелерді құру және түзетуге;
4.2.4. Контейнерлерді сақтау мақсатында ҚТҚ тиеу кезінде жабдықтарға ұқыптылықпен қарау;
4.2.5. ҚТҚ әкету үшін ақы Бірыңғай есеп айырысу орталығы (БЕАО) арқылы қызмет көрсетілген айдан кейінгі келесі айдың 15-күніне дейін тұтынушыға төлемдерді төлеуге құжаттарды ұсыну.
4.2.6. Адамдардың тұратын саны туралы мәліметтерге сәйкес қызмет көрсеткені үшін төлемдерді есептеу;
4.2.7. Тұтынушыны ҚТҚ шығаруға Қызметтер мен тарифтердің өзгеруі, сондай-ақ ҚТҚ шығару шарттарының өзгеруі жөнінде оларды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау жолымен қолданысқа енгізгенге дейін 10 (он) күнтізбелік күннен кешіктірмей ақпараттандыру;
4.2.8. Қазақстан Республикасының Заңнамасымен және Шартқа сәйкес өзге міндеттемелерді орындау.
5. Тараптардың жауапкершілігі
5.1. Қызмет көрсетуші және Тұтынушы шарт бойынша өз міндеттемелерін орындамаған немесе тиісті орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылады.
5.2. Қызметтер үшін уақытылы емес төлеген кезде Тұтынушы Қызмет көрсетушіге өсімақы төлейді. ҚТҚ шығару қызметтері үшін төленбеген есептелген сома үшін өсімақы есептік айдан кейінгі айдың 26-сы күнінен бастап, әр кешіктірген күні үшін Қызмет сомасынан 0,1% мөлшерінде есептеледі, бірақ төленбеген сомадан 10% — дан аспауға тиіс.
5.3. Айыппұл санкцияларын төлеу Тараптарды осы шарт бойынша қабылдаған міндеттемелерін орындаудан босатпайды.
Дауларды қарастыру тәртібі
6.1. Шарт бойынша даулар туындаған жағдайда тараптар оларды сотқа дейінгі реттеу үшін қажетті шараларды қабылдауға міндеттеледі.
6.2. Туындаған даулар бойынша келісімге келе алмаған жағдайда, олар Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген тәртіпке сәйкес қарастырылады.
Шарт бойынша қарызды мәжбүрлі өтеу сот даулары Тұтынушының жылжымайтын мүлік объектісіне қызмет көсетілетін орналасқан жері бойынша қаралуға тиіс
6.3. Шарт арқылы реттелмеген мәселелер, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі ережелеріне және Қазақстан Республикасының басқа нормативтік актілеріне сәйкес қарастырылады.
Шарттың әрекет ету мерзімі
7.1. Шарт конкурстық комиссияның 2024 жылғы 15 сәуір ҚТҚ шығару бойынша қызметтер берушіні айқындау жөніндегі шешімі күнінен бастап күшіне енеді.
7.2. Шарт «Т.Рысқұлов тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ-мен 2024 жылғы «15» сәуір № 7 өзара міндеттемелері бойынша бекітілген шарттың тоқтатылған күнге дейін қолданылады. Ұзартылған жағдайда сол мерзімге ұзартылған болып саналады.
Форс-мажор мән-жайлары
8.1. Тараптар Шарт жасасқан соң кейін туындаған және Тараптар оларды болжай алмайтын, не дұрыс тәсілдермен болдырмайтындай, еңсерілмейтін күші бар мән -жайлардың әрекет ету салдарынан (апаттық құбылыстар, апаттар, төтенше жағдай тәртібін енгізу және т.б., әрі қарай – «Форс-мажор») Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындамау немесе тиісті орындамауы үшін жауапкершіліктен босатылады.
8.2. Форс-мажор мән-жайларының басталуы кезінде Тараптар Форс-мажор мән жайларының әрекетіне түскен Тарап Форс-мажор мән-жайларының басталуы туралы басқа Тарапты дереу хабардар еткен және олардың әрекет етуін тоқтату кезінде Шарт талаптарын қайта басталуы жағдайда, шарт талаптарын орындамағаны үшін материалдық жауапкершіліктен босатылады.
8.3. Форс-мажор мән-жайлары Қазақстан Республикасының өкілетті органымен куәландырылуы тиіс.
9. Ерекше шарттары
9.1. Тұрғын үйлерде тұратын жеке тұлғалар жария шарттар негізінде орталықтандырылған жүйені пайдалануға және жергілікті өкілді орган бекіткен тарифтерге сәйкес қалдықтарды тасымалдау үшін қызметтерге ақы төлеуі қажет. Тұрғын үйлерде немесе жеке тұрған ғимараттарда (құрылыстарда) қызметін жүзеге асыратын заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер орталықтандырылған жүйені пайдаланған кезде, Экологиялық кодекске сәйкес, Жергілікті атқарушы органдармен белгіленген кәсіпкерлік субъектілерімен қатты тұрмыстық қалдықтарды тасымалдауға шарт жасасуға қажет. Қатты тұрмыстық қалдықтарды өз күшімен әкету кезінде заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер Экологиялық кодекстің талаптарын сақтауға, сондай-ақ қатты тұрмыстық қалдықтарды өңдеуді және (немесе) көмуді жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілерімен шарт жасасуға міндетті. (ҚР Экологиялық кодексінің 367-бабы,3,6-т.).
9.2. Тұтынушының қоқыс шығарушы ұйыммен қоқыс шығару шартын жасасудан бас тартуға (ҚР Азаматтық кодексінің 399-бабының 4-тармағы) және қалдықтардың тіршілік әрекеті процесінде тұрақты пайда болатынына және белгіленбеген жерлерде қалдықтардың заңсыз төгілуіне жол бермеуге және олардың қоршаған табиғи ортаға теріс әсер етуіне жол бермеуге байланысты оны біржақты тәртіппен бұзуға құқығы жоқ.
9.3. Осы Шарттың күшіне енуі тараптарды Шарттың қабылданғанға дейін туындаған өзара міндеттемелерді орындаудан босатпайды.
9.2. Осы Шарт Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 387 бабына сәйкес жария болып табылады.

РЕКВИЗИТТЕР:
ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУШІ: ТҰТЫНУШЫ
ИП «Тазалық»
БСН: 591118301112
ЖСК: KZ81563H350000069084
БСК: KPSTKZKA,
БАНК: «КазПошта» АҚ
Мекенжай: Құлан ауылы, Жібек жолы 85.
Телефон: 8 7476698048
Басшысы_______________Искаков А.М.

Поделиться ссылкой: