Балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлады

134 Views

Луговой ауылдық мәдениет үйінің меңгерушісі Заида Сапарқызының ұйымдастыруымен Луговой ауылында да «Бақытты балалық» деген тақырыпта мерекелік концерт өтті. Халықаралық балаларды қорғау күніне орай ұйымдастырылған мерекелік концертте ауыл өнерпаздары мен «Шабыт» би үйірмесі, «Бегім-ай» вокал үйірмесінің оқушылары өнер көрсетіп, ауыл тұрғындарының зор қошеметіне кенелді. Мерекелік концерт соңында Түрксіб станциясы желілік полиция бөлімінің демеушілігімен балаларға тәтті балмұздақтар үлестірілді. Ауыл тұрғындары балалар мерекесіне осындай тамаша концерт ұйымдастырған Луговой ауылдық мәдениет үйінің меңгерушісі Заида Сапарқызына алғыстарын білдірді.

М.Аятберген.

Поделиться ссылкой: