Гендерлік саясат

106 Views

Гендерлiк саясаттың негiз­гi қа­ғи­даттары Қазақстан Республи­ка­сы­ның Конституциясымен кепiлдiк берiлген әйелдер мен ерлердiң тең құқығы мен еркiндiгiн белгiлейдi. Бүгінгі таңда халықаралық аренада әйелдердің сая­си көшбасшылығы уақыт өткен сайын айқындалып келеді. Қоғам мен мемле­кет тарапынан да нәзік жан­дылардың іскерлік белсенділіктері мен саяси ық­пал­дастықтарына деген сенім жоғары деңгейде көрініс табуда.
Қазіргі кезде, «гендерлік теңдік» деген ұғым үлкен саяси ғылымға жал­ға­сып, «Тұрмыстық зорлық-зомбы­лықтың профилактикасы туралы» Заң қабылданды. Бұл Заң тек әйелдерге ғана емес, отбасының басқа да мүшелерінің тең құқықтарын сақтап, тұрмыстағы қысымды болдырмауға ықпал етеді.
Гендерлік стратегияны іске асы­рыл­ған жылдары отбасылық-неке қатынастарында тұрған ерлер мен әйелдердің құқықтары мен мүмкін­діктерінің кеңеюінде оң динамикаға қол жеткізілді.
Отбасы міндеттерін еңбек қызме­ті­мен ұштастыру мүмкіндіктерін жасау мақсатында еңбек заңнамасында ата-аналардың икемді жұмыс түрлері мен бала күтімі бойынша демалыс алуға құқықтары туралы нормалар бекітілген. Сонымен қатар, әйелдердің, жүкті әйелдердің және баласы бар әйелдердің еңбегін реттеу ерекшеліктерін бекітетін нормалар да пайда болды.

С.Узбеков,
аудандық соттың судьясы.

Поделиться ссылкой: