Ата-аналар мектеп ауласына ағаштар екті
29 ViewsӨткен сәрсенбіде №6 мектеп-гимназиясында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында «Бір отбасы – бір тал» деген тақырыпта іс-шара өтті. Бұл шараға аудан әкімінің орынбасары Бақкелді…
Құрметті жерлестер, қадірменді ағайын!
Баршаңызды жерлесіміз Елдос Сметовтің Париждегі Олимпиада ойындарының чемпионы атануымен құттықтаймын!
Бұл жеңіс ауданымыздың ғана емес, барша қазақ елінің қуанышы, спорт жанкүйерлерінің мерейлі сәті.
Елдос Сметов 2016 жылы Бразилия астанасы Рио-де-Жанейро қаласында өткен Олимпиада ойындарында ел қоржынына күміс, Токио Олимпиадасында қола медаль еншілеп, еліміздің мерейін асырған болатын. Енді міне жерлесіміз Олимпиада чемпионы атанып отыр.
Құрметті ағайын! Баршаңызды жерлесіміздің жеңісімен тағы да құттықтаймын!
Кезекті ХХХІІІ Олимпиада ойындарында бақ сынасып, ел абыройын қорғап жатқан барша спортшыларымыздың да Олимп шыңын бағындырып, қазақ елінің абыройын асқақтатарына сеніміміз мол.
Еліміздің Көк байрағы жеңіс мінберінде желбірей берсін!
Ернар Есіркепов,
Тұрар Рысқұлов ауданының әкімі.