Өз өлкеңді танисың ба?
49 Views«Өзгені тану үшін алдымен өзіңді тани біл» деген жалпы адамзаттық қағида ең алдымен туған өлкенің тарихына үңілуді талап етеді. Осы орайда, жақында аудан орталығындағы…
Франция мемлекетінің астанасы Париж қаласында өткен XXXIII жазғы Олимпиада ойындары да аяқталды. Қазақстан Олимпиадаға қатысқан 206 мемлекеттің арасында жалпы медальдар саны бойынша 43-ші орынға тұрақтады.
Олимпиаданың алғашқы күнінде жерлесіміз Елдос Сметов дзюдодан алтын медаль жеңіп алып, бар қазақты қуантқан еді. Жасырып қайтеміз, содан кейін тағы да алтыннан үмітті едік. Алайда, өзге спортшыларымызға алтын медаль бұйырмады. Олимпиаданың соңғы күндерінде Париж бозкілемінде еркін күрестен жерлесіміз Әлішер Ерғали белдескен болатын. Әлішер алғашқы айналымда мысырлық балуанды ұтқанымен, екінші айналымда әлем чемпионы бахрейндік Ахмед Тажудиновтан айласын асыра алмады. Дегенмен, Ахмет Тажудинов финалға өткен соң, жерлесімізге жұбаныш белдесуінде күресуге мүмкіндік туды. Жұбаныш белдесуде де Әлішер Ерғалиды оңай қарсылас күтіп тұрған жоқ еді. Ирандық балуан жерлесімізге еш мүмкіндік бермеді. Осылайша, жерлесіміз өзі қатысқан екінші Олимпиадасынан жүлдесіз қайтты. Дегенмен, біз, Әлішерге еш мойыма дейміз. Елдос Сметов та 31 жасында Олимпиада чемпионы атанып отыр. Мүмкіндік болмайды емес. Міндетті түрде болады.
Бұл – спорт. Қазір әлеуметтік желіде спортшыларымызды сынап жатыр ғой жұрттың көбісі. «Біріңді қазақ – бірің дос, көрмесең – істің бәрі бос» деген хакім Абай. Үйде жатып алып, боқауыз сөз айтқаннан не ұтамыз? Қайта бір-бірімізге қолдау көрсетіп, шын ниетпен жанкүйерлік танытқанымыз абзал.
Қазақтың қазақтан басқа жанашыры жоқ екенін ұмытпайық.
Марат Жолдасбекұлы.