Тазалық жұмыстары жүргізілді

95 Views

2024 жылдың 8 сәуірі мен 11 мамыры аралығында бүкіл республика бойынша «Таза Қазақстан» атты экологиялық акция өтті. Акция бес аптаға созылды. Олардың әрқайсысы өз атауын алып, белгілі бір тақырыпқа арналды («Таза өлке», «Киелі мекен», «Жасыл аймақ», «Өнегелі ұрпақ», «Мөлдір бұлақ»). Президент Қасым-Жомарт Тоқаев акциялардың бір реттік емес екенін және жалғасын табатынын атап өткен болатын. Жалпы, аудан бойынша акция басталғаннан бері түрлі іс-шаралар өткізілді. Оған аумақтарды жинау, шөп шабу, жасыл желектерді отырғызу, құрылымдарды әктеу, сырлау және т.б. кіреді. Сондай-ақ, апта сайын ауданды абаттандыруға бағытталған түрлі форматтағы іс-шараларды өткізу жалғасуда.
Дәл осы мақсатта өткен сейсенбіде Көкдөнен ауылдық округіне қарасты Жақсылық ауылының аумағында орналасқан Дулат баба кесенесінде тазалық жұмыстары жүргізілді. Тазалық шарасы барысында кесене маңы мен ауласы, көше бойы мен бірқатар орындар қалдықтардан тазартылып, жүйелі жұмыстар атқарылды. Сондай-ақ, кесене маңындағы шөптер орылып, сырлау жұмыстары жүргізілді. Аталған акцияға аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің мамандары мен ерікті жастар, қоғамдық қызметкерлер мен Көкдөнен ауылдық округінің ардагерлері атсалысты.

«Құлан таңы» ақпарат.

Поделиться ссылкой: