Орман мен даланы өрттен қорғайық!

102 Views

Жаз айларында қатты ыстық­тан шөп қурап, өртену қаупі туын­дайтыны белгілі. Далалы алқаптар­дың, шабындық жерлердің және жайылымдық жерлердің өртке орануына адамдар да себепші болып жатады.
Орман, дала өрті – абайсыз жа­ғылған от. Орман, дала өрті көбінесе құрғақ­шылық мезгілде, жазда және күзде болады. Адамдардың дала­лық жерде демалып ашық отты пайда­ланудағы аңғалдықтарынан десе де болады.
Орман және дала өрттерінің болуының ең көп себептері:
– ауыл шаруашылық қалдықтарын өртеген кезде қауіпсіздік талаптарының бұзылуынан;
– сөндірілмеген шылым не сіріңке;
– күннің көзі түсетін жерге тасталған шыны сынығынан түскен күн сәулесінің жануы.
Ауданымыз құрғақ және желді климат, шөптесін өсімдіктердің көп болуы, дала өртінің тез өріс алуына мүмкіндік туғызады.
Ауқымды емес дала өртін сөндіру үшін қажетті іс-шаралар: желдің бағытын және өрттің таралу жылдамдығын анықтау, тұрғындарға ескерту, отты топырақпен көміп үстіне су құю, кішігірім отты таптау, өрт сөнгеннен кейін кетуге асықпай, қайта тұтанбайтынына көз жеткізу.
Жаз мезгілінде табиғат ая­сында демалуды ұнататын аудан тұрғын­дарынан да сұрайтынымыз өрт қауіп­сіздігін қатаң сақтап, азық-түлік қалдық­тарын арнайы санитарлық шұңқырларға көміп, қоршаған ортаны ластауға жол бермегеніміз жөн. Әр тұрғын мұндай ескертулерге шынайы қараса, халық байлығы орманды тілсіз жаудан қорғауға, аман сақтауға елеулі ықпалын тигізері даусыз. Егер өрт аумағында болсаңыз, өзіңіздің күшіңізбен сөндіру мүмкін болмаса, оның таралу бағытын және шығу бағдарын анықтап құтқару қызметіне «101», «112» нөмірі арқылы хабарлаңыз. Сіздерден табиғатта осы қарапайым өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауларыңызды сұраймыз. Сонда ғана дала және орман алқаптарын өрттен сақтап қаламыз.

Аудандық Төтенше жағдайлар бөлімі мен №10 өрт сөндіру бөлімі.

Поделиться ссылкой: