Тілсіз жау ешқашан айтып келмейді
Қыс мезгілінде малының қамын ойлаған әрбір ауыл тұрғыны жаз бойы маңдай терін төгіп, бірталай қаражат жұмсап, шөп жинайды. Ал, сол шөп малдың қарнына емес, өрттің алып құшағына еніп, жоқ болса, қандай күй кешер едіңіз?
Өкінішке орай, ауданымыздағы жиналған шөптің жану оқиғалары алаңдатарлық жағдай. Бүгінгі күні мұндай оқиғалар жетерлік. Тұрғын үйлердің ауласында жиналған шөптің өртенуінің салдарынан тұрғындар айтарлықтай шығынға түсуде.Тұрғындардың абайсыздығынан олардың өздері жапа шегуде. Балаға сіріңкемен ойнауға рұқсат ету немесе оның не істеп, не қойып жатқанын қадағаламау, отты абайсыз қолдану, жөндеусіз электрөткізгіштері және басқа да өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақталмауының нәтижесінде осындай оқиғалардың саны тыйылар емес.
Тілсіз жау ешқашан айтып келмейді. Сондықтан одан әрқашанда сақтанып, алдын алу жұмыстарын жүргізіп отыру керек.
Мәселен айтар болсақ, қора-қопсыны тазалау кезінде от жағып қадағалаусыз қалдыру, тұрғын үй ауласында тазалық жұмыстарын жүргізу барысында отқа абай болу керек, шегілген темекіні әрдайым шоғын сөндіріп тастау.
Тұрғын үйдің учаскелерінде шөптерді жинау кезінде жол берілмейді:
– қоралардың шатырларына және басқа шаруашылық құрылыстарына жинауға;
– электр жеткізу желілерінің астына жинауға;
– учаскенің сыртқы қоршауынан кемінде 3 метр қашықтықта.
Шөпті дайындау және жинау жұмыстары кезінде ұшқын сөндіргішпен алғашқы өрт сөндіру құралдарымен жабдықталған техникамен қамтамасыз етілуі керек. Шөпті жинау аймағы жанғыш қоқыстан тазартылған, өрт қауіпсіздігіне арналған жер аудару жолағы жасалу қажет. Шөп жинау орындары электр желілерінен 15 метр қашықтықта орналасуы керек. Жолдарға дейінгі қашықтық 20 метрден кем болмауы қажет. Шөпті көлікпен тасу кезінде жинау биіктігі 4,5 метрден аспауы қажет. Өрт астық жинау және шөп жинау науқаны кезінде тракторларға және жүк машиналарына жанар жағармайды құюда белгіленген ережелерді бұзу кезінде орын алуы мүмкін. Төгіліп қалған май, бензин, керасин және жеңіл тұтанатын, жанатын сұйықтар үлкен қауіп төндіреді. Дала шөбін жинау кезінде өрт қауіпсіздік ережелерін сақтап, өрттен абай болыңыздар. Өрт оқиғасы орын ала қалған жағдайда тез арада 101 нөміріне хабарлаңыздар.
Аудандық Төтенше жағдайлар бөлімі аудан тұрғындарына тұрмыстағы өрт қауіпсіздігін сақтауға аса назар аудару керектігі туралы ескертеді. Осылайша өз өмірлеріңіз бен мүліктеріңізді сақтап қала аласыздар.
Аудандық Төтенше жағдайлар бөлімі мен
№10 өрт сөндіру бөлімі.