«Жыл маманы-2018» облыстық байқауы Мөлдірдің жеңісі

928 Views

Кітапхана-адамзат ақылының киелі мекені. Жан әлем жақсылыққа жетелеген даналық дарбазасы. Ал кітапханашылар – адамзаттың ақыл қазынасының шырақшысы. Талғамы жоғары талабы биік оқырмандарға қызмет көрсетіп, кітапхана ісінің мерейі мен беделін арттыратын, рухани қазынаның қоймасы мен қорғаушысы-кітапханашылар.

Жуырда Тараз қаласында «Жыл маманы -2018» байқауы болып өтті. Оған Т.Рысқұлов, Байзақ, Талас, Сарысу, Жамбыл, Мойынқұм, Шу, Жуалы, Қордай аудандарынан келген үміткерлер қатысты. Осынау шараның өтуіне облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы мен Шоқан Уәлиханов атындағы әмбебап ғылыми кітапханасы ұйытқы болды.

Бұл байқауға біздің ауданымыздан аудандық орталық кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы, 2016 жылы «Көрікті көктем аруы» сайысының І орын иегері Мөлдір Жұманғалиқызы Керімбаева сынға түсті. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы мен Ел рухын көтерген Елордамыз-Астана қаласының 20 жылдығы аясында «Кітапханашы-ХХІ ғасыр мамандығы» тақырыбында өткен «Жыл маманы -2018» байқауына белсене қатысып, жоғарғы шығармашылық қабілет және кәсіби шеберлік көрсеткені үшін жүлделі ІІІ орынды иеленіп, арнайы дипломмен және бағалы сыйлықпен марапатталды.

Иә, зерделі ойдың шоқтығын көтеруде кітапханашы мамандардың еңбектері өлшеусіз. Еліміздің мәдениетін дамытып, оны келер ұрпаққа жеткізу жолында тер төгіп жүрген рухани майданның еңбеккерлерінің еңбегі жемісті болсын. Оқырмандардың алғысы мен құрметіне бөленіп жүре беріңдер дегім келеді.

Н.ТОПАТАЕВА, аудандық орталықтандырылған

 кітапханалар жүйесінің директоры.

СУРЕТТЕ: Тараз қаласында

өткен жеңімпазы (ортада) Мөлдір Керімбекова.

Поделиться ссылкой: