691 Views
«Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің Абай ауылдық округі бойынша жастар ісі жөніндегі инспекторы Берік Әміреевпен осыдан 3-4 жыл бұрын танысқан едім. Араласып жүріп, Бекеңнің маңайына мейірім шуағын шашып жүретін қарапайым әрі еңбекқор жігіт екенін байқадым. Жақында Бекең зайыбы Алтынай Кулбаева және Ринат Көктаев есімді замандасымен бірігіп, «Jas projeсt» жобасы аясында 1 млн. теңге қайтарымсыз несие алды.
Қазір Берік, Ринат және Алтынай үштігі өздері алған қаражатқа 2 құлынды бие сатып алып, Абай ауылындағы әлеуметтік қамқорлыққа мұқтаж отбасы мүшелеріне қазақтың ұлттық сусынын яғни, қымызды тегін үлестіріп жүр. Екеуара әңгіме барысында Бекең өздерінің басты мақсаты – мүмкіндігі шектеулі жандар мен әлеуметтік аз қамтылған көпбалалы отбасы мүшелеріне рухани тұрғыдан жан жылуын дарыту екендігін айтқан болатын. Ал егде жастағы ауыл тұрғыны Оңал Исаева болса, бұл үштіктің шын ниетпен жасап жатқан риясыз пейілдеріне дән риза екендігін жеткізді. Иә, нарықтық заман ұлтымыздың жан дүниесіндегі мейірімділік дейтін ұлы қасиетті ұмыттырып бара жатқаны жасырын емес. Өкінішке орай, дәл осындай белсенді жастардың қатары ауданымызда аз. Сондықтан Берік секілді бастамашыл азаматтардың сауапты әрі игі тірліктеріне біз әрқашан қолдау көрсеткеніміз жөн деп санаймын.
Марат ДИХАНБАЙ.
Поделиться ссылкой: