ТЕРГЕУ СУДЬЯСЫ

104 Views

ҚР ҚПК-нің 54-бабының 3-бөлігіне сай, тергеу судьясы – бірінші сатыдағы соттың судьясы, оның өкілеттігіне қылмыстық сот ісін жүргізуде адамдар құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерінің сақталуына сот бақылауын осы Кодексте көзделген тәртіппен жүзеге асыру жатады. Тергеу судьясын (судьяларын) осы сот төрағасы судьялардың қатарынан тағайындайды. Тергеу судьясын алмастыру қажет болған кезде ол қайта тағайындалуы мүмкін. Тергеу судьясы соттың төраға­сының өкімімен осы соттың судьяларының ішінен тағайындалады.
Тергеу судьясының өкілеттіктері ҚПК-ң 55-бабында көзделген. Атап айт­қанда, сотқа дейінгі іс жүргізу бары­сында тергеу судьясы мынадай мәселелерді қарайды:
1. Сотқа дейінгі іс жүргізу барысында тергеу судьясы осы Кодексте көзделген жағдайларда мынадай:
1. Күзетпен ұстауды санкциялау;
2. Үйқамақты санкциялау;
3. Лауазымынан уақытша шеттетуді санкциялау;
4. Жақындауға тыйым салуды санк­циялау;
5. Экстрадициялық қамақты санк­ция­лау;
5.1. Жасырын тергеу әрекеттерін жүр­гізуді, жасырын тергеу әрекеттерін жүр­гізу мерзімдерін ұзартуды санк­циялау;
5.2. Осы Кодекстің 234-бабының үшінші бөлігінде көзделген жағдай­ларда, прокурордың өтінішхаты бойын­ша жасырын тергеу әрекеттерін тоқтату;
6. Күзетпен ұстау, үйқамақ, экстра­дициялық қамақ мерзімдерін ұзарту;
7. Кепіл қолдануды санкциялау;
8. Мүлікке тыйым салуды санк­ция­лау;
9. Күзетпен ұсталмайтын адамды сот-психиатриялық және (немесе) сот-медициналық сараптама жүргізу үшін медициналық ұйымға мәжбүрлеп орналастыру;
10. Бұрын өзіне қатысты күзетпен ұстау қолданылған адамның психикалық ауру фактісі анықталған кезде, оны ауруларды қатаң оқшаулау жағдайында ұстауға лайықталған, психиатриялық көмек көрсететін арнаулы медициналық ұйымға ауыстыру;
11. Мәйітті эксгумациялау;
12. Күдіктіге, айыпталушыға халық­аралық іздеу жариялау мәселелерін қарайды;
13. Қарап-тексеруді санкциялау;
14. Тінтуді санкциялау;
15. Алуды санкциялау;
16. Жеке тінтуді санкциялау;
17. Мәжбүрлеп куәландыруды санкциялау;
18. Үлгілерді мәжбүрлеп алуды санкциялау мәселелерін қарайды.
2. Осы Кодексте көзделген жағдай­лар­да тергеу судьясы:
1.Анықтаушының, анықтау органы­ның, тергеушінің және прокурордың әрекет­теріне (әрекетсіздігіне) және шешім­деріне жасалған шағымдарды қарайды;
2. Тез бұзылатын немесе қылмыстық істі мәні бойынша шешкенге дейін ұзақ сақталуы елеулі материалдық шығын­дарды қажет ететін заттай дәлел­демелерді өткізу туралы мәселені қарайды;
3. Сотқа дейінгі іс жүргізу барысында жәбірленуші мен куәнің айғақтарын сақтауға қояды;
4. Адвокаттар мен прокурорларды қоспағанда, сотқа дейінгі іс жүргізуде процестік міндеттерді орындамайтын немесе тиісінше орындамайтын тұлғаларға ақшалай өндіріп алуды қолданады;
5. Прокурордың ұсынуымен қыл­мыстық іс бойынша процестік шығындарды өндіріп алу туралы мәселені қарайды;
6. Сұрау салуды орындаудан бас тартылған не ол бойынша үш тәулік ішінде шешім қабылданбаған жағдайда қорғаушы, жәбiрленушiнiң өкілі ретінде қатысатын адвокаттың уәжді өтінішхаты бойынша, мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қоспағанда, қылмыстық іс үшін маңызы бар кез келген мәліметтерді, құжаттарды, нәрселерді талап етіп алдыру және қылмыстық іске қосып тігу туралы мәселені қарайды;
7. Қорғаушы, жәбiрленушiнiң өкілі ретінде қатысатын адвокаттың уәжді өтінішхаты бойынша сараптама тағайындау не қылмыстық қудалау органының, жасырын тергеу әрекеттерін қоспағанда, оның ішінде, егер қылмыстық қудалау органы осындай өтінішхатты қанағаттандырудан негізсіз бас тартса не ол бойынша үш тәулік ішінде шешім қабылдамаса, өзге тергеу әрекеттерін жүргізуі туралы мәселені қарайды;
8. Қылмыстық процесті жүргізетін органға айғақ беруі үшін келуін қамта­масыз ету қиындық тудыратын, бұрын өздері жауап алған куәні, қорғаушы ретінде қатысатын адвокаттың өтініш­хаты бойынша мәжбүрлеп әкелу туралы мәселені қарайды;
8.1.Сотқа дейінгі тергеп-тексеру органының уәжді өтінішхаты бойынша адамды оған қатысты жүргізілген жасырын тергеу әрекеттері туралы хабардар ету мерзімін бір жылға дейін ұзарту туралы мәселені қарайды;
8.2. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру органының уәжді өтінішхаты бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру органының адамды оған қатысты жүргізілген жасырын тергеу әрекеттері туралы хабардар етпеуіне келісім береді;
9. Осы Кодексте көзделген өзге де өкілеттіктерді орындайды.
Тергеу судьясы өз өкілеттіктерін ҚПК-ң 56-бабының қағидаларына сәйкес жүзеге асырады.
1. Тергеу судья­сы өз өкілеттіктерін осы Кодекстің осы бабының қағидаларына және тиісті баптарында көзделген ерекшеліктерге сәйкес жүзеге асырады.
2. Тергеу судьясы өз құзыретіне жатқызылған мәселелерді сот отырысын өткізбей, жеке-дара қарайды.
Егер заңды және негізді шешім қабылдау үшін маңызы бар мән-жайларды зерттеу қажет болса, не прокурордың немесе қорғау тарапының өтініш­хаты болса, тергеу судьясы тиісті тұлғалардың және прокурордың қатысуымен сот отырысын өткізу туралы мәселені шешеді.
Осы Кодекстiң 55-бабы бiрiн­шi бөлiгiнiң 1, 2, 5 және 6 тармақ­тарында, екiншi бөлiгiнiң 2 және 3 тармақтарында көрсетiлген мәселелердi қарау кезiнде сот отырысын өткiзу мiндеттi.
Қорғау тарапының, жәбірленуші өкілінің өтінішхаты бойынша осы Кодекстің 55-бабы екінші бөлігінің 1 тармағында көрсетілген мәселені қарау үшін сот отырысын тағайындау, сол бір мәселе бойынша қайта беріл­ген, жаңа дәлелдер қамтылмаған шағым­дарды қоспағанда, қорғау тарапы, жәбірленушінің өкілі әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), шешіміне шағым жасайтын адамдарды тергеу судья­сының тыңдауы қажет болған жағдайда міндетті болып табылады.
Сот отырысы тағайындалған жағ­дайда оның уақыты мен орны туралы қорғау тарапына, жәбірленушінің өкіліне және прокурорға алдын ала хабарланады.
Сот отырысы тергеу судьясының өкімі бойынша бейнебайланыс режи­мінде өткізілуі мүмкін. Сот отырысы барысында хаттама жүргізіледі.
3. Тергеу судьясы:
1. Сотқа дейінгі іс жүргізуді жүзеге асыратын органнан қаралып жатқан мәселе бойынша қосымша ақпаратты талап етуге;
2. Тиісті сотқа дейінгі іс жүргізудің барлық материалдарымен танысуға және оларды зерттеуге;
3. Процеске қатысушыларды сот отырысына шақыруға және олардан қылмыстық іс бойынша қажетті ақпа­ратты алуға құқылы.
4. Тергеу судьясы осы Кодекске сәйкес істі мәні бойынша шешу кезінде сотта қараудың нысанасы болуы мүмкін мәселелерді алдын ала шешуге, осы Кодекстің 55-бабы екінші бөлігінің 7) тармағында көзделген жағдайларды қоспа­ғанда, тергеп-тексеру бағыты және тергеу әрекеттерін жүргізу туралы нұсқаулар беруге, сотқа дейінгі іс жүргізуді жүзеге асыратын адамдардың және қадағалаушы прокурордың, сондай-ақ істі мәні бойынша қарайтын соттың орнына әрекет жасауға және шешім қабылдауға тиіс емес.
5. Күдікті өзіне азаптау және басқа да заңсыз әрекеттер қолданылғаны туралы арызданған немесе онда күш қолданудың іздері болған кезде тергеу судьясы қадағалаушы прокурорға көрсетілген фактілерді дереу тексеруді жүзеге асыруды тапсыруға міндетті.
6. Адамның құқықтары мен бостан­дықтарын, ұйымдардың заңмен қорға­латын мүдделерін заңсыз шектеу немесе өзге де бұзу фактілері анықталған кезде тергеу судьясы заң бұзушылыққа жол берген тұлғалардың жауаптылығы туралы мәселені шешу үшін жекеше қаулы шығарады.

С.Қалқабаев,
Тұрар Рысқұлов аудандық сотының судьясы.

Поделиться ссылкой: