Өз өлкеңді танисың ба?
49 Views«Өзгені тану үшін алдымен өзіңді тани біл» деген жалпы адамзаттық қағида ең алдымен туған өлкенің тарихына үңілуді талап етеді. Осы орайда, жақында аудан орталығындағы…
ӨТКЕН АПТАДА АУДАН БАСШЫСЫ ЕРНАР ЕСІРКЕПОВ ТЕРЕҢӨЗЕК ауылдық ОКРУГІНЕ БАРЫП, ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСТІ. КЕЗДЕСУ БАРЫСЫНДА АУДАННЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК- ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫН БАЯНДАП, АГРО САЛАДА ЖЕТКЕН ЖЕТІСТІКТЕРІН ТІЗБЕКТЕДІ. Айта кету керек, біздің аудан облыстық көрсеткіштерге сәйкес, алдыңғы қатардан көрінді. Биыл аудан дихандары 130 мың гектарға жуық жерге дән жасырса, оның ішінде 611,2 гектар алқапқа тәтті түбір еккен. Тіпті алғашқылардың бірі болып өз өнімін зауытқа 100 пайыз өткізгендер де бар. Айта кетейік, «Береке» шаруа қожалығы өз алқабынан мол өнім алған. Аудан басшысы Ернар Есіркепов «Мұның бәрі ерте қамданудың және заманауи құрылғыларды қолдана отырып, тамшылатып суарудың арқасында» дейді. Осы орайда аудан басшысы таудан келетін ағын суды ауыл аймағына әкелу үшін дәл қазір қыруар тірлік атқарып жатқанын тілге тиек етті. Ауданда атқарылған тірліктер тізілген баяндама түсінікті болуы керек, тереңөзектіктер көп мәселе көтерген жоқ. Тек ауылда спорт кешенінің жоқтығын айтты. Аудан басшысы Ернар Серікәліұлы бұл мәселе бас жоспарда тұрғанын айтып, жиынды түйіндеді. Кездесу аяқтала салысымен аудан басшысы Тереңөзек және Ақыртөбе ауылдық округтерінде жүріп жатқан көше жолдарын асфальттау жұмыстарына да мән беріп, зерделеп қайтты.
Жәнібек Сұлтан.