Өз өлкеңді танисың ба?
49 Views«Өзгені тану үшін алдымен өзіңді тани біл» деген жалпы адамзаттық қағида ең алдымен туған өлкенің тарихына үңілуді талап етеді. Осы орайда, жақында аудан орталығындағы…
Кеше аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында Тұрар Рысқұлов аудандық аумақтық сайлау комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті. Аудан әкімі Ернар Есіркеповтің төрағалығымен өткен кеңейтілген отырысқа Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Серғали Айдапкелов, Тұрар Рысқұлов аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Манарбек Тлепов, сондай-ақ, аудандық мәслихаттың төрағасы Ербол Әбутәліпов, аудандық ардагерлер Кеңесінің төрағасы Қожайхан Бижанов, сайлау процесін даярлау мен өткізуге атсалысқан уәкілетті мемлекеттік және құзырлы органдардың басшылары, ауылдық округ әкімдері, аудандық аумақтық, округтік, учаскелік сайлау комиссияларының мүшелері және саяси партиялар мен үкіметтік емес ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Кеңейтілген отырыста күн тәртібіне қойылған 2 мәселе қаралды. Алғашқысы, яғни Тұрар Рысқұлов аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 9 айда атқарған жұмыстары туралы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Манарбек Тлепов баяндама жасады. Манарбек Әміреұлы өз сөзінде барлық мәселеге жан-жақты тоқтала келіп, 6 қазанда өткен республикалық референдумда және осы жылы аудан аумағында өткен ауылдық округ әкімдерінің сайлауында заң бұзушылықтар болмағанын атап өтті. Содан соң Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Серғали Өмірзақұлы да сөз сөйлеп, сайлау процесінің маңыздылығы мен міндеттеріне тоқталды. Одан кейін Серғали Өмірзақұлы 2024 жылғы 6 қазандағы республикалық референдумды ұйымдастыру мен өткізуге қосқан елеулі үлестері үшін бірқатар азаматтар мен азаматшаларға наградалар табыс етті. Атап айтсақ, аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Манарбек Тлепов «Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының сайлау органдары жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен, жоғары біліктілігі, сайлау органдарындағы жемісті және адал еңбегі, азаматтардың сайлауға және сайлануға конституциялық құқықтарын іске асыруға белсенді қатысқаны үшін, сондай-ақ, 2024 жылғы 6 қазандағы республикалық референдумды ұйымдастыру мен өткізуге қосқан елеулі үлесі үшін ҚР Орталық сайлау комиссиясы төрағасының Құрмет грамотасымен және Алғыс хатымен №336 учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы Рәбиға Жаңабердиева, №357 учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы Қанат Түзелбаев, 2024 жылғы 6 қазандағы республикалық референдумды ұйымдастыру мен өткізуге қосқан елеулі үлесі үшін аудандық билер кеңесінің төрағасы Тұрсынхан Жаманбаев, Қазақстан халқы Ассамблеясының Тұрар Рысқұлов ауданы бойынша ақсақалдар кеңесінің төрағасы Серік Өтегенов, зейнеткер Кенжекүл Түлеева, Мұқан Төлебаев атындағы балалар музыка мектебінің директоры Бердіхан Бабасов, жеке кәсіпкер Нұрлан Беркімбаев, №330 учаскелік сайлау комиссиясының хатшысы Салтанат Төленқызы Жамбыл облысы әкімінің Алғыс хатымен, 2024 жылғы 6 қазандағы республикалық референдумды даярлау мен өткізу барысында референдумның ашықтығы мен заңдылығын қамтамасыз етуде атқарған қызметі үшін аудан аумағындағы 35 учаскелік сайлау комиссияларының мүшелері Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының Алғыс хатымен, Малдыбай орта мектебінің директоры Болатхан Тотаев, №486 учаскелік сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Нұрлан Маткаймов, Луговой ауылдық округінің әкімі Жасұлан Өмірқұлов, аудан әкімі аппаратының аймақтық бақылау және ұйымдастыру-инспекторлық жұмысы бөлімшесінің бас инспекторы Мұрат Қызыралы, №360 учаскелік сайлау комиссиясының хатшысы Османбек Маймақов аудан әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.
Марат Диханбай.