Т а ғ а й ы н д а у
Т.Рысқұлов ауданы әкімінің өкімімен Мамырбаев Арман Пойызбайұлы аудан әкімдігі жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы лауазымына тағайындалды.
Арман Пойызбайұлы 1963 жылы Т.Рысқұлов ауданы, Жақсылық ауылында дүниеге келген. Білімі – жоғары. 1982 жылы Жамбыл зооветеринарлық техникумын «Ауыл шаруашылық бухгалтері» мамандығы және 2004 жылы «Тараз» институтын «Қаржы және кредит» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1982 жылы «Луговой ПАТП» кассирі болып бастаған. 1983-1985 жылдары кеңес әскері қатарында болған. 1985-1989 жылдары «Луговой ПАТП» автокөлікті пайдалану жөніндегі инженер, 1989-1995 жылдары Жамбыл зооветеринарлық техникумының бухгалтері, бас бухгалтер, 1995-1996 жылдары «Сұлу-Төр» агробірлестігінің бас бухгалтері, 1996-1997 жылдары Луговой ауылшаруашылық мемлекеттік мекемесінің бас бухгалтері, 1997-1999 жылдары Луговой РПКХ бас бухгалтері, 1999-2002 жылдары «Шөңгер» ШҚ-ның бас бухгалтері болып жұмыс атқарған. 2002-2008 жылдары Т.Рысқұлов ауданы әкімдігі білім басқармасының бас бухгалтері, 2009 жылы ақпан-қазан айлары Тараз қалалық мәслихатының инспектор-ревизоры, 2010-2011 жылдары Т.Рысқұлов аудандық мәслихатының тексеру комиссиясының бас маман-ревизоры, 2012-2013 жылдары Құлан ауыл шаруашылық колледжінің бас бухгалтері, 2013 жылы ақпан-қыркүйек айларында Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің экономикалық саясат секторының бас маманы болды. 2014-2018 жылдары Құлан ауылдық округінің әкімі, 2018 жылдың маусым айынан бастап, бүгінгі күнге дейін Т.Рысқұлов ауданы әкімдігі жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің жұмыспен қамту секторының меңгерушісі болып келді.