Ел болашағы – әрқайсымыздың қолымызда
36 ViewsКеше ел азаматтары Атом электр станциясын салуға қатысты жалпыхалықтық референдумға қатысып, өз таңдауларын жасауда. Жалпы бұл еліміз тәуелсіздік алғалы өтіп жатқан төртінші референдум. Өзім…
Жуырда аудандық Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Онда күн тәртібінде көрсетілген бірнеше мәселелер қаралды. Атап айтар болсақ, Жаңатұрмыс, Өрнек, Қарақыстақ ауылдық округтерінің жергілікті қоғамдастық жиналысының және басқа да қоғамдық ұйымдардың жұмыстарын жандандырудағы атқарған жұмыстары, сонымен қатар, 2019 жылы бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар мен пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орында рына квота белгілеу және аудандағы сайлау учаскелерін құру сынды мәселелер талқыға салынды.
Алдымен жоғарыда аталып өткен ауыл әкімдерінің атқарып отырған жұмыстарына баға берілді. Қоғамдық кеңестің мүшесі Түзел Алагөзова округтерді тексеру барысында орын алған кемшіліктерді жіпке тізді. Түзел Селбайқызының айтуынша аталмыш үш ауылда да жергілікті қоғамдастық жиналысының және басқа да қоғамдық ұйымдардың жұмыстары дұрыс ұйымдастырылмаған екен. Дәлірек айтқанда, жергілікті қоғамдастық жиналысының құрамын айқындауда «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңы мен «Т.Рысқұлов ауданы ауылдық округтерінің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламенттерінің» бірнеше тармақтары басшылыққа алынбағанын жеткізді. Содан соң үш ауылдық округтің әкімдері қоғамдық кеңес мүшелері тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді. Сөз соңында ауылдық округ әкімдері орын алған кемшіліктерді ретке келтіріп, алдағы уақытта қоғамдық кеңес және ауыл ақсақалдарымен толыққанды бірлесе жұмыс атқаруға уәде берді.
Жиын барысында басқа да мәселелер қаралып, қоғамдық кеңестің шешімімен аудан әкімінің аппарат жетекшісіне, аудан әкімдігінің ішкі саясат бөліміне, сонымен қатар ауыл әкімдеріне ұсыным беріліп, қаралған бірнеше жұмыстар қатаң бақылауға алыну керектігін жеткізді.
Ж.СӘДУАҚАС.