Бүлдіршіндер ұлттық құндылықтарды балабақшадан үйрену керек

34 Views

Өткен аптада «Балауса» бөбекжай-бақшасының «Айгөлек» ортаңғы тобының тәрбиеленушілерімен «Мейірімділік сыйла» акциясы аясында іс-шара өтті.

Іс-шараның мақсаты – балалардың санасына мейірімділік, қайырымдылық ұғымдарын қалыптастыру. Балаларды кішіпейілділікке, бауырмалдылыққа, үлкеннен үлгі-өнеге алуға баулу, сондай-ақ, қазақ халқының салт-дәстүрлерін балаларға көрсету. Қазақи нақышта безендірілген топта тәрбиеші Сания Джаппасова балаларға қазақ ертегілерін оқып, оның мазмұнын ашып түсіндірді. Сол сәтте топқа қонаққа ақ жаулықты образында киінген «Балауса» бөбекжай-бақшасының тәрбиешісі Гаухар Байтугелова кіріп келіп, балалармен амандасып, мейірімділік жайында әңгіме айтып берді.Тәрбиеші Сания Джаппасова мен Гаухар Байтугелова балаларды екі топқа бөліп, қазақ салт-дәстүрінің бірі текемет басу мен құрт жаю әдістерін балаларға көрсетті. Тәрбиеші балаларға құрт қалай алынатынын және қалай жасалатынын, денсаулыққа қандай пайдасы бар екенін түсіндірді. Ал, Гаухар Байтугелова балаларға текемет басудың әдіс-тәсілдерін түсіндіріп, қалай жасалатынын үйретті. «Айгөлек» ортаңғы тобының тәрбиеленушілері де осы сәтте келген қонақтарға өз өнерлерін паш етті. Ең алдымен мың бұралған қыздар «Қамажай» биін биледі. Одан кейін «Менің әжем» деген өлеңді хормен айтып берді. Іс-шараның соңында «Айгөлек» ортаңғы тобының тәрбиеленушілері екі топқа бөлініп, қазақ халқының ұлттық ойынының бірі арқан тартысты көрсетті. Содан соң «Айгөлек» ортаңғы тобының тәрбиеленушілері өздерінің жасаған текеметін және әдемі жайылған құрттарын «Мейірімділік сыйла» акциясынан келген қонақтарға табыстады.

Нұргүл Нұралиева,
«Балауса» бөбекжай-бақшасының тәрбиешісі.

Поделиться ссылкой:

Добавить комментарий