Өз өлкеңді танисың ба?
50 Views«Өзгені тану үшін алдымен өзіңді тани біл» деген жалпы адамзаттық қағида ең алдымен туған өлкенің тарихына үңілуді талап етеді. Осы орайда, жақында аудан орталығындағы…
«Өзгені тану үшін алдымен өзіңді тани біл» деген жалпы адамзаттық қағида ең алдымен туған өлкенің тарихына үңілуді талап етеді.
Осы орайда, жақында аудан орталығындағы «Достық» үйінде Құлан агротехникалық жоғары колледжі білімгерлерінің қатысуымен «Өз өлкеңді танисың ба?» деген тақырыпта дөңгелек үстел отырысы өткізілді.
Шараның басты мақсаты – өскелең ұрпаққа ел, туған өлке тарихын ұғындыру. Әрбір тарихи атаулардың, елдімекендердің аталу себептерін түсіндіру арқылы тарихын қастерлеуге, халқын сүюге, шыққан тегін білуге үйрету.
Тұрар Рысқұлов аудандық тарихи-өлкетану музейінің ұйымдастыруымен өткізілген шарада өлкетанушы, ҚР Мәдениет министрлігінің «Үздік өлкетанушы» төсбелгісінің иегері Бекқұлы Әліұлы өлкеміздің тарихы туралы әңгімелеп берді.
Сондай-ақ, білімгерлерге өңіріміздегі тарихи-мәдени ескерткіштер мен орындар туралы бейнематериал көрсетіліп, мол мағлұматтар берілді.
Өткенді білмей тұрып келешекті болжау мүмкін емес. Туған өлке тарихын, шыққан тегін, шежіресін білу — әрбір саналы жас ұрпақтың алдында тұрған игі істердің бірі болып табылады.
«Құлан медиа» ақпарат.