Қос саладағы жетістіктер мен өзекті мәселелер талқыланды

33 Views

Өткен сейсенбіде аудан әкімі Ернар Есіркеповтің төрағалығымен ауданымыздағы мәдениет және спорт салаларының мәселелеріне арналған отырыс өтті. Жиынға сала басшылары, тиісті бөлім мамандары мен округ әкімдері қатысты. Кездесу барысында сала басшылары өткен жылғы атқарған айшықты істері мен алдағы күнге қойған маңызды міндеттері туралы баяндады. Сонымен қатар қос саладағы өзекті мәселелер де ортаға салынды. Атап айтқанда, бірнеше ауылдық округтердегі тарихи ескерткіштерге жөндеу жұмыстарын жүргізу, ауданымыздағы орысша атаумен аталатын ауылдардың атын өзгерту, сондай-ақ, ауданнан шыққан спорт саңлақтарын ұлықтау, ауылдық округтердегі жаңадан салынған денешынықтыру-сауықтыру кешендерін спорттық инвентарлармен қамтамасыз ету және заманауи ашық спорт алаңшаларын салу сынды мәселелер көтерілді.
Жиын соңында аудан әкімі тиісті сала басшыларына бірқатар тапсырма жүктеп, ауданымыздағы мәдениет және спорт салаларын дамыту мақсатында жұмыстарды жетілдіруді тапсырды. 

Жәнібек Сұлтан.

Поделиться ссылкой: