Ауғаннан аман-есен оралғандар

101 Views

15 ақпан – Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылған күні. Биыл бұл датаға да 36 жыл толып отыр. Өткен сенбіде Құлан ауылындағы Ауған соғысы ардагерлерінің құрметіне арналған аллеяда еске алу шарасы өтті.
Өткенді ұмытпау – өскелең ұрпақ міндеті. Жиналған ауыл тұрғындары мен жастар Ауған соғысында ерлікпен қаза тапқан жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске алып, ескерткішке гүл шоқтарын қойды.
Ардагерлерге құрмет – елдіктің белгісі. Шарадан кейін майдангерлер Мэлс Өзбеков атындағы аудандық мәдениет үйінің «Рухани жаңғыру» жабық офисінде бас қосып, естеліктерімен бөлісті, елдік пен патриотизм туралы ойларын ортаға салды.

«Құлан медиа» ақпарат.

Поделиться ссылкой: